09.08.2017, 19:13 5201

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысыныӊ Астана қаласындағы мәдениет күндері 10-15 тамыз аралығында өтеді

Мәдениет және өнер күндері 14 тамызда "Сырдария-Жырдария" атты Сыр елініӊ өнер жұлдыздарыныӊ гала концертімен қорытындыланады.

Қызылорда. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астанадағы Қызылорда облысы күндеріне арналған баспасөз-конференциясы өтті. Конференцияға облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов пен жауапты басқарма басшылары қатысып, аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениет күндеріне арналған шаралар жайлы баяндады.

"2012 жылы Қызылорда облысы әлеуметтік экономикалық дамуы жөнінен еліміз бойынша 16 орында болса, 2013 жылдыӊ қорытындысымен алғашқы бестіктіӊ қатарынан көрінді. Аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Исіресе, құрылыс, өӊдеу өнеркәсбі және инвестиция тарту салаларында тұрақты өсім бар. Құрылыс, оныӊ ішінде баспана салу бойынша 306,9 мыӊ шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 138%-ға артық. Тұрғын үй құрылысыныӊ көлемі бойынша біз бүгінде Астана, Алматы қалалары және Маӊғыстау облысымен қосқанда үздік төрт көшбасшы құрамындамыз. Мемлекет қаражатыныӊ есебінен ағымдағы жылдыӊ басынан бері 980 пәтерлік 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соӊына дейін 1809 пәтерлік 41 көппәтерлі үй, оныӊ 11-і халықтыӊ әлсіз қорғалған топтары үшін (яғни, жалгерлік тұрғын үй) пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.Өздеріӊіз білетіндей, біз Қызылорда қаласыныӊ сол жағалау бөлігін игеруге барынша кірісіп кетті. Бұған бізді тұрғындар саныныӊ және урбанизация деӊгейініӊ өсуі жетелеп отыр. Қазірдіӊ өзінде алғашқы болып 18 көпқабатты үйлерден тұратын шағын аудан, балабақша, жастарға қызмет көрсету орталығы, "Болашақ" университетініӊ студенттер қалашығы және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы басталды" деп мәлімдеді облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов.

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысыныӊ Астана қаласындағы мәдениет күндері 10-15 тамыз аралығында өтеді. Оған облыстан 270-ке жуық өнерпаз қатысады. Мәдениет күндері 10 тамызда сағат 19.00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театр ұжымыныӊ сахналауымен Иран Ғайыптыӊ "Қорқыт" спектаклімен ашылады. Спектакльге шығарма авторы Иран Ғайып қатысады,- " деді облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов.

Мәдени шаралар. 10-20 тамыз күндері Қазанат ипподромыныӊ аумағындағы этноауылда "Сыр шежіресі" атты қолөнер шеберлерініӊ және облыстыӊ тарихы мен мәдениетіне арналған көрме жұмыс жасайды. Этнографиялық көрмеде облыстық тарихи-өлкетану музейі ұсынған аймақтыӊ мәдени мұрасы мен тарихы дамуын паш ететін экспонаттар ел назарына ұсынылады. Этоноауылда аймақ қолөнершілері "Шығыс базары" жәрмеӊкесіне қатысып, өз тауарларын сатады. Көрмеге республикаға белгілі 25 қолөнер шебері қатысады. Олар әрбір қонаққа зергерлік әшекей бұйымдары мен киіз үйдіӊ бау-шуларын жасап, киіз басу, сүйек өӊдеу, тоқыма тоқудан шеберлік кластарын көрсетеді. 13 тамызда "Сыр сүлейін сұрасаӊ" атты жыршы-термешілердіӊ, Тұрмағамбет оркестрі мен Ақмешіт ансамблініӊ концерті өтеді. Қызылордалық өнерпаздардыӊ кішкентай астаналықтарға да арналған тартуы бар. 11 тамызда облыстық филармония жанындағы "Идемі" балалар музыкалық театр студиясы кішкентай көрермендер үшін "Мазасыз тиін" қойылымын сахналайды. Мәдениет және өнер күндері 14 тамызда "Сырдария-Жырдария" атты Сыр елініӊ өнер жұлдыздарыныӊ гала концертімен қорытындыланады.

Спорттық шаралар. 12 тамызда Сыр елініӊ спортшылары ұлттық спорт түрлерінен жарысады. Аударыспақ, теӊге ілу, қыз қуу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату секілді ұлттық ойындар ойналады. Қазақы құмай тазылардыӊ көрсетілімі өтеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі. 12-13 тамыз күндері еліміздіӊ бас шаһарында Қызылорда облысыныӊ ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өтеді. Бұл жәрмеӊкеде 60 млн. теӊге шамасындағы 260 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылады. Осыған дейін Астанада екі рет Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарымен бірігіп, өӊіраралық ауыл шаруашылығы жәрмеӊкелері өткізілген болатын. Бұл жолы сырбойылықтар Алматы облысымен бірігіп Елордадағы "Қазақстан" спорт кешенініӊ автотұрағында жәрмеӊке ұйымдастыруда. Жәрмеӊкеде Қызылорда қаласы мен облыстыӊ 7 ауданындағы 30 шаруашылық 15 автокөлікпен 40-тан аса өнім түрлері елордалықтарға төмен бағамен ұсынылады. Оныӊ ішінде күріш - 60 тонна, жылқы еті - 3 тонна, тауық еті - 1 тонна, сүт өнімдері - 4 тонна, қымыз және шұбат 1 тонна, балық - 15 тонна, қияр мен қызанақ - 20 тонна, картоп - 35 тонна, сәбіз - 8 тонна, қырыққабат - 10 тонна, ас тұзы - 5 тонна, қауын - 40 тонна, қарбыз - 50 тонна т.б. өнімдер.

Өӊірдіӊ индустриялық дамуы. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде соӊғы 3 жылда өӊдеу өнеркәсібі тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Өӊдеу секторындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 9,4%-ға, өткен 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге (151,2%) артқан. Индустрияландыру бағдарламасыныӊ екінші бесжылдығы аясында құны 610 млрд.теӊгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мыӊ адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылуда.Бағдарламаныӊ бірінші бесжылдығы аясында 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды. 2017 жылдыӊ 6 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 8,7 млрд.теӊгеніӊөнімі өндіріліп, өӊдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемініӊ 11% құрады. Атап өту қажет, индустриалық жобалар бұрын 8 елге өнімдерін экспортқа шығарса, 2017 жылдан бастап 10 елге өнімдерін экспортқа шығара бастады. 2017 жылдыӊ 6 айында экспорт көлемі былтырғы жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда 56% артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны