28.09.2016, 14:00 3952

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ аясында Астанада Нидерландыныӊ Ұлттық күнін өткізу жоспарланған

Кездесу барысында тараптар мемлекетаралық өзара байланыстыӊ жоғары деӊгейін атап өтті, ынтымақтастықтыӊ нығаюына 2014 жылы Гаагаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ сапары және өткен жылдыӊ желтоқсанында Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттеніӊ Астанаға келуі себеп болды, деп хабарлады СІМ.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Гаагада Қазақстандағы Нидерландтыӊ елшісі Мағжан Ілиясов НК Парламенті Сенатыныӊ Президенті Анке Брукерс-Кнолмен екіжақты ынтымақтастықтыӊ перспективаларын талқылау мақсатында кездесті.

Кездесу барысында тараптар мемлекетаралық өзара байланыстыӊ жоғары деӊгейін атап өтті, ынтымақтастықтыӊ нығаюына 2014 жылы Гаагаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ сапары және өткен жылдыӊ желтоқсанында Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттеніӊ Астанаға келуі себеп болды, деп хабарлады СІМ.

А. Брукерс-Кнол айтып өткендей, Нидерланд Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтыӊ дамуына ерекше көӊіл бөледі, себебі ел Қазақстанды өӊірдегі сыртқы саяси және сауда-экономикалық маӊызды серіктес ретінде қарастырады.

Елші Парламент Сенатыныӊ басшысын Қазақстанныӊ 25 жылда қол жеткізген жетістіктері мен Н.Назарбаевтыӊ "Илем. ХХI ғасыр" Манифестіндегі бастамалары туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ, Астанадағы Саммитке дайындық пен 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес өкілі ретіндегі басымдылықтар тілге тиек болды.

Қазақстандық дипломат өткен жылы жүзеге асқан Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық пен серіктестіктіӊ кеӊеюі туралы келісімніӊ маӊыздылығын атап өтті. Құжатты Нидерланд Парламентініӊ жеделдетіп ратификациялауын сұрады.

Тараптар іскерлік байланыс пен "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ мүмкіндіктерін атап өтті. Көрмеде нидерландық павильон таныстырылады, оған қоса 2017 жылғы 22 маусымда Астанада Нидерландыныӊ Ұлттық күнін өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны