11.05.2017, 15:57 4513

ЭКСПО-2017 қатысушыларына Байқоӊырдағы нысандарға кіру талабы жеӊілдейді

Жиында үкіметаралық келісімдерде бекітілген "Байқоӊыр" кешенінде болу тәртібі жайлы айтылды. Кешен нысандарында болғысы келген РФ мен ҚР азаматтары келетін күннен 10 күн бұрын өтініш беру керек. Шетелдік азаматтар өтінішті 55 күн бұрын беруі тиіс.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - "Байқоӊыр" ғарыш айлағы халықаралық көрме аясында туристер келетін нысан қатарына жатқызылғаны белгілі. Осыған орай ғарышты қалада айлақ басшыларыныӊ қатысуымен жиын өтіп, онда көрме қонақтарыныӊ арнайы режимдегі нысандарда болу тәртібі талқыланды.

"Біз осы бағытта 2014 жылдан бастап дайындық жүргізе бастадық. Осы уақыт аралығында қаланы абаттандыру мен туристік әлеуетін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылды. Ендігі мақсат - қонақтарды қабылдаудыӊ бірлескен жоспарына сай жұмыс істеу", - дейді Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ басшысы Анатолий Петренко.

Жиында үкіметаралық келісімдерде бекітілген "Байқоӊыр" кешенінде болу тәртібі жайлы айтылды. Кешен нысандарында болғысы келген РФ мен ҚР азаматтары келетін күннен 10 күн бұрын өтініш беру керек. Шетелдік азаматтар өтінішті 55 күн бұрын беруі тиіс.

"Роскосмос" филиалы директорыныӊ орынбасары Андрей Егоров мемлекеттік корпорация басшылығы ЭКСПО кезінде (2017 жылдыӊ 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін) шетелдіктерден Байқоӊыр нысандарына бару үшін 10 күн бұрын өтініш қабылдау жөнінде ұйғарым жасағандығын айтты.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Байқоӊыр космодромына 2 мыӊға жуық турист келеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны