17.12.2012, 10:54 8225

ЭКСПО-2017 қонақтарына "Байқоңыр" ғарыш айлағы көрсетілмек

"Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешімі - бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсатты жұмыстарының нәтижесі, оның халықаралық беделінің көрсеткіші. Екінші жағынан, бұл - біздің жас мемлекетімізге деген үлкен сенім және үлкен жауапкершілік", - деді Қуандықов.

Қызылорда. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 қонақтарына "Байқоңыр" ғарыш айлағы көрсетілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтарына Арал маңының көрсетуге лайық орындары таныстырылады. Бұл туралы облыс әкімі Болатбек Қуандықов мәлім етті.

"Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешімі - бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсатты жұмыстарының нәтижесі, оның халықаралық беделінің көрсеткіші. Екінші жағынан, бұл - біздің жас мемлекетімізге деген үлкен сенім және үлкен жауапкершілік", - деді Қуандықов.

Икімнің сөзіне қарағанда, ол Үкімет және Президент Икімшілігі басшыларымен халықаралық көрмені өткізуге қатысты өз ұсынысымен бөлісті.

"Көрмеге бес миллионнан астам шетелдік келеді деп күтілуде. Қонақтарға біздің өңірді таныстырып, "Байқоңыр" ғарыш айлағын, Қорқыт ата мемориалын, ежелгі қала орындарын және т.б. жерлерді көрсету жоспарлануда. Осы төрт жылдың ішінде облыс көптеп инвестиция тартуы тиіс. Қосымша қаражат республикалық бюджеттен бөлінуі мүмкін. Байқоңырға жақын қонған Төретам және Ақай ауылдарын абаттандыру жұмыстары тұр. Біздің ұсынысымыз оң шешім табады деген үміттеміз", - деді облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны