06.02.2014, 22:40 3644

"ЭКСПО-2017" көрмесіне келушілер "Байқоңырды" тамашалай алады - Б. Сағынтаев

Оның айтуынша, Қызылорда облысында бүгінде туристердің қызығушылығын арттыратын аймақтар жетерлік. "Біз 2017 жылы "ЭКСПО" көрмесін өткізу барысында біз туристерді Түркістан, Байқоңыр, Қорқыт Ата, сынды аймақтарға бағыттау мүмкіндігі туар еді. Сондықтан, да осы сұрақты шешуіміз керек", - деді Б. Сағынтаев.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. "ЭКСПО-2017" көрмесінің туристері, қатысушылары "Байқоңырды" тамашалай алады. Бұл туралы Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

"Біз "Байқоңырды" Қызылорда облысында туризмді дамыту мақсатында қолдану туралы айтқан болатынбыз. Егер қазір сол сұрақты қойсақ, сіздер, сіздердің қызметкерлеріңіз дайын отырар еді. Біз барлығын жұмыла жасауымыз керек", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында бүгінде туристердің қызығушылығын арттыратын аймақтар жетерлік.

"Біз 2017 жылы "ЭКСПО" көрмесін өткізу барысында біз туристерді Түркістан, Байқоңыр, Қорқыт Ата, сынды аймақтарға бағыттау мүмкіндігі туар еді. Сондықтан, да осы сұрақты шешуіміз керек", - деді Б. Сағынтаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны