13.09.2016, 13:27 3505

ЭКСПО-2017 көрмесініӊ 74 мыӊнан астам билетін шетелдік туристік компаниялар сатып алды

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы үстіміздегі жылдыӊ 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 көрмесіне 74 мыӊ билет сатып алуға 5 туркомпаниямен келісімшартқа қол қойылды.

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы үстіміздегі жылдыӊ 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді.

Илемніӊ түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур операторлар Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен "Росс Тур", "CITS" "Alessandro Rosso Group", "Monaco Ukraine Group" және т,б, туроператорлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, ғарыш айлағы т.б.) ұйымдастырылды, деп хабарлады Ұлттық компания.

Ақпараттық тур "Астана ЭКСПО-2017" бұл бағыттағы серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздіӊ көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздіӊ батыс өӊірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар, өӊірлердіӊ "Жол картасы" мен визит картасы әзірленді.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне 74 мыӊ билет сатып алуға 5 туркомпаниямен келісімшартқа қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны