03.07.2014, 21:01 3260

ЭКСПО-2017 нысандары жұмысының аяқталуы 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланған - Т.Ермегияев

ЭКСПО-2017 нысандары жұмысының аяқталуы 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев ҚР Президенті Н.Назарбаевты көрме нысандарының құрылысымен таныстыру барысында.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. ЭКСПО-2017 нысандары жұмысының аяқталуы 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев ҚР Президенті Н.Назарбаевты көрме нысандарының құрылысымен таныстыру барысында.

"Біз жұмыс кестесін сәл өзгерттік. Негізгі құрылыс жұмыстарын біз биылғы жылдың қазан айында аяқтаймыз. Ал келер жылдың қазан айында халықаралық павильондар құрылысын бітіріп, осы уақытта павильондардың ішіндегі жұмыстарға кірісеміз. Орталық көрме павильонына келер болсақ, оның кестесі өзгермейді. Жоспар бойынша ол 2016 жылдың желтоқсанында аяқталады", - дейді Т.Ермегияев.

Сонымен қатар, 2014 жылы дайындық жұмыстары мен инженерлiк желiлер аймағын жабдықтау, Ұлттық павильон, Халықаралық павильон, Корпоративтiк павильон, үкiметтiк емес халықаралық ұйымдар мен компаниялардың, тақырыптық павильонның құрылысы басталады.

Бұған қоса, тұрғын үй құрылысы, жалпы бiлiм беру мектебi, балабақша, мейманхана, Конгресс-орталық пен баспасөз орталығы, ЭКСПО мен ұйымдастырушылар кеңселерiнiң құрылысы қолға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" көрме кешенiнiң құрылысы барысымен танысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны