07.12.2012, 15:40 2678

ЭКСПО-2017 шеңберінде дамушы елдер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған

Қазақстан Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дамушы елдердің белсенді әрі жан-жақты ат салысуы үшін көмек бағдарламасын ұсынды, деп хабарлады ҚР СІМ жауапты хатшысы, Қазақстандағы ЭКСПО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рапиль Жошыбаев.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 шеңберінде дамушы елдер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дамушы елдердің белсенді әрі жан-жақты ат салысуы үшін көмек бағдарламасын ұсынды, деп хабарлады ҚР СІМ жауапты хатшысы, Қазақстандағы ЭКСПО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рапиль Жошыбаев.

"Олар үшін павильондар салу, қондырғыларын салықсыз кіргізу және басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, Африканың, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия павильондарын ұйымдастыруды Астана өз мойнына алады", - деді ЭКСПО-2017жобасының үйлестірушісі.

Оның сөзіне қарағанда, халықаралық көрмені сәтті өткізудің басты шарты - дамушы елдердің қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан, олардың көрмеге қатысуын қамтамасыз болып табылады.

"Дамушы елдер үшін баламалы қуат көздері дамыған елдердің деңгейіне жетудің негізгі шарты болып табылады. Қазір көптеген мемлекеттерде күн және жел қуаты жөніндегі жобалар іске асырылуда. Біздің тақырыбыз олар үшін өте қызықты болады", - деп қосты ол.

Сонымен қатар, баламалы энергия өнеркәсіптің кеңеюін, сауданың ұлғаюын, ауыл шаруашылығының дамуын, көліктің жетілдірілуін қамтамасыз етеді, ал бұл қосымша жұмыс орындары және халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруының кепілі деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны