13.01.2014, 19:36 4318

ЭКСПО -2017 дайындық аясында Астанада 2,5 мың бақылау камерасы орнатылады

Астанада ЭКСПО-2017 дайындық барысында 2,5 мың бақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Астанада ЭКСПО-2017 дайындық барысында 2,5 мың бақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

Ведомство басшысының хабарлауынша, елде 2,7 мың бақылау камерасы қызмет етеді. Олардың көмегімен 290 мың тәртіп бұзушылық тіркеліп, 1,7 мың қылмыстың беті ашылды.

"Астанада ЭКСПО-2017 дайындық барысында 2,5 мың камера бақылауын орнату жоспарлануда", - деді Қ. Қасымов.

Айта кетерлігі, ведомство қызметкерлерді бейнекамерамен қамту жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылдан бастап арнайы бөлімнің әскериіне жеке қондырғы берілуде.

Сондай-ақ, 2014 жылы ҚР ІІМ әрбір полицейді бейнетіркеушімен қамтуды жоспарлауда, көшеде және қоғамдық жерлерде қызмет етушілер үшін аталмыш әрекет жүргізіледі. Бұл тәртіп бұзушылықты тежеп, айғақтың болуына үлкен септігін тигізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны