31.03.2014, 19:45 7747

ЭКСПО қалашығы алаңында Smart Grid зияткерлік жүйесі іске асырылады - Т.Ермегияев

ЭКСПО қалашығы алаңында Smart Grid зияткерлік жүйесі іске асырылады. Ол көрме өткізілетін жердегі сумен қамту, энергия үнемдеу және инфрақұрылымға мониторинг жасап отыратын болады.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. ЭКСПО қалашығы алаңында Smart Grid зияткерлік жүйесі іске асырылады. Ол көрме өткізілетін жердегі сумен қамту, энергия үнемдеу және инфрақұрылымға мониторинг жасап отыратын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.

"Жоспар бойынша, ЭКСПО-2017 аумағы Астананың теңдессіз таза ауданы болады. Онда жаңа технологиялар мен инновациялар қолданылады. ЭКСПО қалашығы қуат көздерінің тек дәстүрлі энергиялардан ғана емес, сонымен қатар жаңартылмалы энергия көздерінен де қамтамасыз етілетін әлемдегі ең бірінші нысандардың бірі болуы керек. ЭКСПО қалашығы ауданында Smart Grid зияткерлік жүйесі іске асырылады", - дейді Т.Ермегияев.

Smart Grid - көрме өткізілетін жердегі сумен қамту, энергияүнемдеу және инфрақұрылымға мониторинг жасап отыратын ЭКСПО аумағындағы ақылды желілер мен толықтай бақылау жүйесі, дейді басқарма төрағасы.

"Сонымен қатар, ЭКСПО көрмесінің өткізілгенінен кейін осы жерде тұратын тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасайтын жаңа технологияларды қолданамыз. Және де алғаш кезде инновация болатын технологиялар да ел игілігіне ұсынылмақ. Атап айтар болсақ солардың бірі ғимараттың тиімділігі үшін энерготиімді құрылыс материалдары", - дейді Т.Ермегияев.

Жалпы, оның айтуынша, осының бәрі ЭКСПО қалашығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мен 2050 Стратегиясында аталған индустриялды инновациялық даму, әлеуметтік жұмыспен қамту, ТКШ жаңғырту, денсаулық сақтау саласындағы негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік бермек.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы "Қазақстан жолы-2050": бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге дайындық жасыл экономика мен болашақтың энергиясын құру мен іздестіру бойынша ең үздік әлемдік тәжірибені енгізу мен зерттеудің орталығын құру құралы ретінде пайдалануымыз керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны