14.07.2016, 22:03 4498

ЭКСПО кезінде митингілер өткізуге тыйым салынатын болды

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Астананыӊ ішкі тәртібіне жауапты полицейлер, құтқарушылар мен үкімет мүшелері, қала әкімі Исет Исекешов бастаған шенеуніктер Бас прокуратураға ағылды. Сөйтсе, жат дінніӊ жетегінде кетіп, лаӊкестердіӊ қатарына қосылған Сириядағы отандастарымыздан елге үлкен қауіп төніп тұр екен. Содырлар тура "ЭКСПО" кезінде жойқын жарылыс жасауы мүмкін,

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - ЭКСПО кезінде террористер Астанада жойқын жарылыстар ұйымдастыруы мүмкін. Кісі шошырлық мәлімдеме жасаған вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтыӊ өзі содырлардан сақ болуды ескертті. Сондықтан Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полицейлер мен арнайы жасақ қазірден қауіпсіздікті күшейтіп, кез-келген жағдайға дайындықты дереу бастап кетті. Сондай-ақ, келесі жылы халықаралық көрме өтіп жатқанда Елордаға сырттан көлік кіргізілмейді, қару-жарақ сатуға және митингілер өткізуге қатаӊ тыйым салынбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Астананыӊ ішкі тәртібіне жауапты полицейлер, құтқарушылар мен үкімет мүшелері, қала әкімі Исет Исекешов бастаған шенеуніктер Бас прокуратураға ағылды. Сөйтсе, жат дінніӊ жетегінде кетіп, лаӊкестердіӊ қатарына қосылған Сириядағы отандастарымыздан елге үлкен қауіп төніп тұр екен. Содырлар тура "ЭКСПО" кезінде жойқын жарылыс жасауы мүмкін, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев, Премьер министрдіӊ орынбасары:

-Лаӊкестік топтардан төнетін қатерді ұмытпауымыз керек. Ақтөбе мен Қарағанды облысында болған қанды оқиға сабақ болуы тиіс. Оныӊ үстіне біздіӊ азаматтар халықаралық террористік лагерьлерде жаттығып жүр. Санасы уланған олардыӊ жарылыс жасауы әбден ықтимал.

Сондықтан, көрме өтетін аумаққа террористер кіріп кетпес үшін шекарадан бастап бақылау күшейтіледі. Қазір өткізу бекеттері, бейнекамералар, тексеру құрылғылары қайта сынақтан өтіп жатыр. Тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрме нысандарын тұрғызып жатқан құрылысшы, жұмысшы, күзетші, сияқты 32 мыӊ адамды тізімге алып, барлық күш құрылымдарына ортақ ақпараттық база құрмақ. Одан қалды, ЭКСПО кезінде іс-қимылы, сөйлеген сөзі, ым-ишаратына қарап күдіктіні анықтайтын "профайлер" деп аталатын мамандар жұмыс істейді.

Жақып Асанов, Бас прокурор:

-Мысалы, Сочидегі Олимпиада кезінде митингі мен наразылық акцияларына, қару-жарақ сатуға, сырттан кіретін көлікке уақытша тыйым салынған. Бізге де осындай шектеулер керек. Бұл әлемдік тәжірибе.

Яғни, келесі жылы Астана жабық қала болмақ. Сонымен қатар, "ЭКСПО-2017" деген жаӊа мобильдік қосымша пайда болады. Оны кез-келген турист ұялы телефонына жүктеп ала алады. Қосымшада халықаралық көрмеге қатысты барлық ақпарат - өтетін уақыты, мекен-жайы және қалалық полиция, медициналық көмектіӊ, таксидіӊ телефоны жазулы тұр. Тіпті қаладағы қай ауданда жиі қылмыс болатыны да көрсетіледі.

Исет Исекешов, Астана қаласыныӊ әкімі:

-Біз ұсақ бұзақылықпен күресіп қана қоймай, көшеге қоқыс тастау, темекініӊ тұқылын лақтыру, түкіру сынды тәртіпсіздікпен де түбегейлі күресеміз. Меніӊше Астана үшін бұл да өте маӊызды мәселе.

Қазір ЭКСПО-ныӊ құрылысы қызу жүріп жатыр. Алғашқы нысандар алдағы көктемде дайын болады. Үш айға созылатын көрмеге 94 мемлекетті айтпағанда, шетелден 2 миллионнан астам турист келеді деп жоспарлануда. Меймандардыӊ алдында ұятқа қалмасы үшін Үкімет шектеулерді заӊмен бекітуге жанталасып жатыр. Оныӊ ішінде еӊ бастысы 93 күні бойы өтетін "Экспо" уақытында бірде-бір митингіге рұқсат етілмейді.

Осылайша Астана келесі жылы еліміздегі еӊ қауіпсіз қалаға айналмақ. Бас шаһарға кімніӊ кіріп-шыққанына дейін қатаӊ бақылауда болады. "ЭКСПО" көрмесі кезінде әсіресе, астаналық полицейлерге күш түспек. Сақшылар Елорданы күні-түні кірпік қақпай күзетуіне тура келеді. Тіпті үкімет қауіпсіздік шараларына отставкадағы офицерлер мен зейнеттегі құтқарушыларды да көмекке шақырмақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны