29.06.2015, 11:03 3335

Экстремизм мен лаӊкестікті насихаттаудыӊ жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек

Экстремизм мен лаӊкестікті насихаттаудыӊ жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Орталық және Оӊтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өӊірлік конференцияда

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Экстремизм мен лаӊкестікті насихаттаудыӊ жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Орталық және Оӊтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өӊірлік конференцияда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Экстремизмге және лаӊкестікке адамдарды тартудыӊ негізгі әдістерініӊ бірі интернет арқылы жүзеге асырылады", - деді сөз басында К.Мәсімов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Премьер-Министр атап өктендей, лаӊкестер әлемдік желіні бүлдіргі идеологияны, өшпенділік пен зорлық-зомбылықты, содырларды тарту мен даярлауды, ақпарат алмасу, қылмыстық іс-қимылдарды жоспарлау және үйлестіру үшін пайдаланады.

"Мәселен, танымал Facebook-тен What's app-қа дейінгі әлеуметтік желілерде лаӊкестердіӊ қарулы джихадқа шақыратын мәлімдемесін бір тәулікте 2 миллионнан астам адам қарап шыққан. Қазақстан осы материалдарды анықтап, тосқауыл қоюда. Алайда бұл бағытта біздіӊ күш-жігер бірлескен және жүйелі түрде іске асырылуы тиіс", - деп толықтырды К.Мәсімов.

"Сонымен бірге экстремизм мен лаӊкестікті насихаттаудыӊ жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек. Баршамыз үшін азаматтық қоғамныӊ экстремистік және террористік ұйымдардыӊ арам пиғылын жүзеге асыруға атсалысуы үлкен проблемаға айналуда",- деп баса айтты ҚР Премьер-Министрі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны