19.12.2014, 14:08 4095

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас прокуратурада "Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық ынтымақтастық тиімділігін жоғарылату тетіктері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Астана. 19 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Бас прокуратурада "Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында халықаралық ынтымақтастық тиімділігін жоғарылату тетіктері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Конференцияға Президент Икімшілігініӊ өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарыныӊ өкілдері, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан прокуратура органдарыныӊ қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен діни конфессиялар өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, теолог-сарапшылар қатысты.

Семинардыӊ басты мақсаты-Қазақстанныӊ құқық қорғау және уәкілетті органдарыныӊ діни экстремизм және терроризммен күрес аясындағы шет елдердіӊ құзырлы органдарымен өзара іс-қимылыныӊ өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Жиналыс барысында қазіргі заманғы ғаламдық қауіп-қатерлерге тосқауыл қою, экстремистік және террористік көріністердіӊ профилактикасы және олардыӊ жолын кесу шеӊберіндегі халықаралық ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелері талқыланды. Терроризмді ескертуді заӊнамалық қамтамасыз ету және оныӊ тиімді тетіктерін қалыптастыру, радикалды діни идеологияны таратуға септігін тигізетін факторларды жою мәселелері қаралды. Сондай-ақ діни экстремизм және терроризмге қатысты, соныӊ ішінде террористік қызметтерді қаржыландырумен байланысты қылмыстық істерді тергеу барысында өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қозғалды.

Бас прокуратура баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны