23.04.2013, 14:43 3365

Ел экономикасының өсуін ішкі сұранысты кеңейту есебінен қамтамасыз ету қажет

"Алдын ала бағалау бойынша, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында елімізде ЖІӨ 4,5%-ға өсті. 6 базалық салалар бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7% құрады. Экономиканың өсіміне тұрақты макроэкономикалық жағдай ықпал етті",-деп хабарлады ол.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Үкіметі отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Илеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев баяндады.

"Алдын ала бағалау бойынша, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында елімізде ЖІӨ 4,5%-ға өсті. 6 базалық салалар бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7% құрады. Экономиканың өсіміне тұрақты макроэкономикалық жағдай ықпал етті",-деп хабарлады ол.

Оның келтірген деректері бойынша, жыл басынан бері инфляция 1,9%- ды құрады. Есепті кезеңде түсті металдар өндіру 4,8%, жеңіл өнеркәсіп-4,7%, химия өнеркәсібі-1,6%-ға артты. Машина жасау саласындағы өнімдер және сусындар өндіру өсімі 21,3%-ды құрады. Тұтастай алғанда, өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 1,6%-ға артты.

Кедендік одақ елдерімен өзара сауда айналымы екі айда өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 23,5%-ға өсіп, 4 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорт 7,7%-ға, оның ішінде Ресейге 7,4%, Беларуське 37,2%-ға артты. Импорт 30,5%-ға өсіп, сонымен қатар Беларуссиядан келетін импорт 16,8%-ға қысқарды.

"Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халыққа шаққанда наурыз айында 5,3%-ды құрады. Бұған "жұмыспен қамту-2020" Бағдарламасын орындау елеулі түрде мүмкіндік берді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2013 жылға 71 млрд. теңге қарастырылған",-деп мәлімдеді Е.Досаев.

"Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанның қортындысы бойынша, ЖІӨ-нің жылдам өсімі байқалды, оны сақтап қалған жағдайда экономиканың өсуі бірінші жартыжылдықта 5% құрауы тиіс. Екінші жартыжылдықта өткен жылғы құлдыраудың аясында маусымдық факторларды есепке ала отырып, оның ішінде ауыл шаруашылығында ЖІӨ-нің 6,8% өсімін күтеміз, бұл ЖІӨ өсуін жалпы жыл бойына жоспарланған 6% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деді ол.

Республикалық бюджеттің 2013 жылғы бірінші тоқсанда атқарылуы және алдағы міндеттер туралы ҚР қаржы министрі Б.Жәмішев баяндады.Оның хабарлауынша, бюджет кірісі үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 1 трлн.248 млрд. теңге немесе жоспардың 99,1%-ын құрады. Өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда түсім 82,2 млрд. теңгеге артты.

"Бірінші тоқсанның қортындысы бойынша республикалық бюджеттен 1 трлн.286,8 млрд. теңге жұмсалып, ол есепті кезең жоспарының 88,8%-ын құрады, оның ішінде даму бюджеті бойынша 125,3 млрд. теңге жұмсалса, бұл былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 51,9 млрд. теңгеге артық",-деді Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, бюджет шығысының басым бөлігі әлеуметтік бағыттарға жұмсалды. Сонымен, жалпы шығыс көлемі ішінен қаржы әлеуметтік жәрдем және әлеуметтік қамсыздандыруға 25,2%, денсаулық сақтауға-11,5%, білім беруге-7,3% бағытталды.

Аталған мәселе бойынша талқылауды қортындылай келіп, С.Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметке үстіміздегі жылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуді тапсырғанына тоқталды. Оның айтуынша, тұтастай алғанда бірінші тоқсанның қортындысы көңіл көншітерлік. Алайда, дүниежүзілік экономиканың дамуының қазіргі жағдайына қарамастан, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға қол жеткізілуі керек.

"Біздің алдымызда биыл 6% экономика өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұған экспорттық мүмкіндіктерді арттыру есебінен ғана емес, сондай-ақ ішкі сұраныстарды да арттыру есебінен қол жеткізуіміз қажет. Біздің экономикамыздың кездесетін тәуекелдіктер мен қауып-қатерлері бар сыртқы факторлардың ықпалында екенін естен шығармауымыз керек",-деп түйіндеді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы ЭБЖМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әлемдік, сондай-ақ еліміздің ішіндегі экономикалық жағдайларға мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді,қажет болған жағдайда, дағдарысқа қарсы жоспар аясында қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет ету бойынша қосымша ұсыныстар жасауды тапсырды. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімдіктеріне және өңірлер әкімдеріне қаржылық тәртіпті сақтап, бюджет қаржысын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, отырыста 2013-2020 жылдарға арналған ҚР электрондық денсаулық сақтауды дамыту Тұжырымдамасы қаралып және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын дамыту Тұжырымдамасының жобасы мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны