05.07.2017, 10:46 5689

Еламан Ерғалиев Қызылорда облысы әкімінен екі бөлмелі пәтер сыйға алды

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Тұӊғыш Президентініӊ жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII "Қазақстан барысы" турнирініӊ жеӊімпазы Еламан Ерғалиевпен кездесті.

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Тұӊғыш Президентініӊ жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII "Қазақстан барысы" турнирініӊ жеӊімпазы Еламан Ерғалиевпен кездесті.

"Төл спортымызды түлету біздіӊ облысымыздан бастау алғаны - біз үшін үлкен абырой. 2011 жылы алғашқы "Қазақстан барысы" титулын иеленген Ұлан Рысқұл болса, Руслан Ибдіразақов күміс және қола жүлделерді иеленді. Олардыӊ жеӊісті жолын 22 жастағы батырымыз Еламан Ерғалиев жалғастырып отыр. Осы спортшылардыӊ биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушысы Садық Мұстафаевтыӊ және Иділбек Серікбаевтыӊ да еӊбегі зор деп атап өткім келеді",- деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Қазақстан барысы" жеӊімпазына екі бөлмелі пәтердіӊ сертификатын табыстады.

Өз кезегінде Еламан Ерғалиев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін үшін алғысын білдіріп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Оныӊ мақсаты - олимпиада медалін жеӊіп алу.

- "Боз кілемдегі белдесуде ойымда тек туған жерім мен жерлестеріме жеӊіс сыйлау тұрды", - деді Еламан Ерғалиев.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР Президенті-Елбасы Н.Назарбаев жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII "Қазақстан барысы" турниріне барлығы 34 спортшы қатысты. Оныӊ ішінде Қызылорда облысынан 3 спортшы: "Алтын белбеу" аймақтық іріктеу жарысында "Сыр барысы" атанған Мақсат Исағабылов пен "Сыр арланы" Нұрым Сәлімгереев және "Искер барысы" Еламан Ерғалиев сынға түсті. Сәуір айында әскерилер арасында өткен "Искер барысы" жарысында Еламан Ерғалиев жеӊімпаз атанып, "Қазақстан барысы" республикалық турниріне жолдама алған болатын.

Анықтама үшін: Еламан Ерғалиев 1995 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Дзюдомен 9 жасынан бастап айналысады. ҚР Спорт шебері, дзюдо және қазақ күресі бойынша бірнеше мәрте жеӊімпаз атанған, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионатыныӊ күміс жүлдегері (Қытай, Хайнань қ. 2013 ж.), дзюдодан IV Ислам ынтымақтастығы ойындарыныӊ қола жүлдегері (Изербайжан, Баку қ. 2017 ж.).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны