08.03.2018, 18:45 6376

Елбасы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем шуағы" атты салтанатты концертке барды

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ барлық әйелдер қауымын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

Астана. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ барлық әйелдер қауымын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев ел өмірінде әйелдердіӊ ерекше рөл атқаратынына тоқталып, Қазақстандағы өскелеӊ жас ұрпақтыӊ санасына адамгершілік құндылықтарды сіӊірудіӊ қажеттілігін айтты.

- Жаһандану жағдайында қыздарымызға тән асыл қасиеттерді сақтауымыз керек. Интернет заманында қаптаған ақпараттар легін біржола тоқтату мүмкін емес. Ирбір бойжеткенніӊ жақсы мен жаманды ажырата білетін ішкі сүзгісі болуы қажет, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қабылданған бес әлеуметтік бастама, еӊ алдымен, әйелдер қауымына арналғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерініӊ бойында еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетін мейірімділік пен жасампаздық энергиясыныӊ сарқылмайтын көзі бар екенін атап өтті.

- Бүгінде жас ұрпақтыӊ тәрбиесі мен олардыӊ білім алуына байланысты бүкіл салмақ сіздерге түсіп отыр. Бала қамқорлығына қатысты негізгі міндетті өздеріӊізге алып, олардыӊ дүниетанымын қалыптастырасыздар, өзіне деген сенімін жетілдіресіздер. Сіздер өз сенімдеріӊізбен, үміттеріӊізбен және махаббаттарыӊызбен еліміздіӊ жарқын болашағыныӊ берік негізін қалап келесіздер, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінде елімізде 250 мыӊға жуық ананыӊ "Алтын алқамен" және "Күміс алқамен" марапатталғанына назар аударып, мемлекетіміздіӊ қарқынды дамуына қазақстандық әйелдердіӊ зор үлес қосқанын атап өтті.

- Жаӊа ұрпақтыӊ дүниеге келуі және халқымыздыӊ көбеюі - мемлекетіміздіӊ басты стратегиялық мақсаты. Ийелдер жетістікке жете алмайтын ешқандай сала жоқ. Сіздер кәсібилік пен спорттыӊ, ғылым мен саясаттыӊ шыӊдарын бағындыра аласыздар. Қазіргі таӊда үш мыӊға жуық докторанттыӊ 60 пайызы - әйелдер. Мәжіліс депутаттарыныӊ үштен біріне жуығы - қыз-келіншектер. Жалпы, мемлекеттік қызметтегі әйелдердіӊ үлес салмағы елу пайыздан асады. Мұны мемлекетті басқару ісініӊ тиімділігін арттыруға септігін тигізетін дұрыс үрдіс деп санаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық ер-азаматтардыӊ атынан әйелдер қауымын тағы да мерекелерімен құттықтап, оларға бақыт, махаббат пен бақ-береке тіледі.

Соӊында Мемлекет басшысы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тұрғыны, көп балалы ана А.Түзелбаеваны "Алтын алқамен" және Астана тұрғыны Р.Аяғанованы "Күміс алқамен" марапаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны