27.03.2013, 16:09 3121

Елбасы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларын бекітті

"Қоса беріліп отырған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін".

Алматы. 27-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін: Қоса беріліп отырған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін" деп айталған ресми БАҚ таратылған құжаттың мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны