28.01.2015, 21:28 4161

Елбасы Адизес институтыныӊ бас директоры Ицхак Адизеспен кездесті

И.Адизес мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдыӊ негізгі аспектілеріне қатысты пікірлерін білдірді. Бұл орайда ол Қазақстан экономикасыныӊ бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін негізгі құрылым болып саналатын "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ныӊ трансформациялау бағдарламасын әрі қарай жүзеге асырудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кездесу барысында институттыӊ Қазақстандағы ірі компаниялармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы басқарудыӊ озық қағидаттарын енгізудіӊ, отандық компаниялар қызметініӊ тиімділігін арттыру үшін тиянақты стратегиялық жоспарлаудыӊ маӊызды екенін атап айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

И.Адизес мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдыӊ негізгі аспектілеріне қатысты пікірлерін білдірді. Бұл орайда ол Қазақстан экономикасыныӊ бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін негізгі құрылым болып саналатын "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ныӊ трансформациялау бағдарламасын әрі қарай жүзеге асырудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны