22.01.2016, 14:05 4309

Елбасы академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады

Кездесу барысында отандық ғылымды дамытудыӊ маӊызды мәселелері мен Қазақстанныӊ экономикалық саясатыныӊ негізгі бағыттары талқыланды

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кездесу барысында отандық ғылымды дамытудыӊ маӊызды мәселелері мен Қазақстанныӊ экономикалық саясатыныӊ негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы әлемдік экономика мен геосаясаттағы қазіргі ахуалға орай еліміздіӊ ғылыми жұртшылығы пікір білдіріп, өз шешімдерін ұсынуға тиіс екенін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Бүгінде бірде-бір сарапшы жағдайдыӊ әрі қарай қалай дамитынын және қалыптасқан ахуалдан шығудыӊ жолдарын болжай алмайды. Еуропадағы, АҚШ-тағы, Қытайдағы ахуалға қатысты жекелеген пікірлер бар, бірақ ешкім тұтастай пайым жасай алмай отыр. Бұған қоса, бірқатар ел арасындағы санкциялық текетірес әлемдік сауда жүйесіне оӊ әсер етіп отырған жоқ. Терроризм қатері де назар аударуды қажет етеді, оған қарсы тек бірлескен іс-қимыл арқылы күресуге болады. Біздіӊ ғылыми-сарапшылық ортада осы сын-қатерлерге қатысты негізделген пікір болуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

К.Сағадиев ел ғалымдары өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін айта отырып, қазіргідей күрделі кезеӊде қоғамға қызмет ету олар үшін кәсіби борыш екенін атап өтті.

Сондай-ақ академик Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ұлт жоспары зор тарихи мүмкіндік екенін, оныӊ әлеуеті барынша пайдаланылуы тиістігін айтты. Бұл үдеріске ғылымныӊ ғана емес, республика жұртшылығыныӊ барша өкілдері белсене қатысқаны жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны