23.02.2012, 10:33 3400

Елбасы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Президент Ақмола облысындағы Целиноград ауданының Қосшы ауылына келіп, "Жасыл өлке" тұрғын үй массивінде болып, тұрғын үйлелерді пайдалануға беру кезегімен танысты. Жаңа жылдың қарсаңында осы массивтен 1107 үлескерлік құрылысқа қатысушылар жаңа пәтерлердің кілтін алды.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Ақмола облысындағы Целиноград ауданының Қосшы ауылына келіп, "Жасыл өлке" тұрғын үй массивінде болып, тұрғын үйлелерді пайдалануға беру кезегімен танысты. Жаңа жылдың қарсаңында осы массивтен 1107 үлескерлік құрылысқа қатысушылар жаңа пәтерлердің кілтін алды.

Мемлекет басшысы бірнеше пәтерді аралап көрді.

Тұрғындармен әңгімелесу барысында, Президент дағдарыстың салдарынан көптеген үлескерлер зардап шеккенін атап өтті. Биылғы жылы олардың барлығы пәтер алады. Икімдіктер мемлекет тарапынан көмек сұраған үлескерлерден түскен әрбір өтінішті жеке қарайтын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың айналасында қаламаңы аймақ қарқынды дамитынын атап өтті. Арнайы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 40 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Қосшы ауылын дамытуға - 13 млрд. бөлінген. Өткен жылы 6 млрд. теңге игерілген болатын, ғимаратты тазартқыш кешен, жаңа қазандық салынды, су, электр желілері тартылды. Енді алда жол және көлік инфрақұрылымын дамыту міндеті тұр.

"Сіздер осында тұрып жатырсыздар, ал Астанада жұмыс істейсіздер. Илемде мұндай тәжірие бар. Қалалықтар қаламаңы аймағында тұрғанмен, жұмыс үшін қалаға барады. Біз елорданың айналасынан 20 елді мекенді дамытатын боламыз. Осының бәрі Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде қол жеткізген нәтижелердің арқасында мүмкін болып отыр. Мемлекеттің құрылысы, экономиканың құрылысы, халықтың әл-ауқатын арттыру - осының бәрі біздің негізгі міндеттеріміз. Бұл мен өз Жолдауымда айтқан үлкен істер", - деп атап өтті президент.

Массив тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаевқа үлескерлер проблемасына мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп және назар аударылып отырғаны үшін алғыстарын айтты.

"Жасыл өлке" тұрғын үй массиві Астана қаласының сол жағалауынан 12 шақырым аумақта салынуда. Жаңадан қоныстанушылардың есептік саны - 8000 отбасы. Кешен аумағында мектеп, балабақша, медициналық мекеме, сауда орталықтарын, сервистік нысандар салу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы сондай-ақ құрылысы республикалық бюджеттен қаржылындырылған "Алтын дала" шағын ауданындағы екі 36 пәтерлік тұрғын үйде болды. Ирбір тұрғын үйдің жалпы аумағы - 2 376,9 м2. Пәтердің жалпы аумағы - 2 188,8 м2. Шағын ауданның тұрғындары бюджеттік сала қызметкерлері, ардагерлер, жас отбасылар, мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер болып табылады.

Шағын ауданды аралау кезінде облыс әкімі Қ. Қожамжаров Мемлекет басшысына Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген, 2011-2014 жылдарға арналған, Астана қаласына іргелес елді мекендерді дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру барысымен таныстырды.

2011 жылы республикалық бюджет есебінен елорданың қаламаңы аймағындағы елді мекендерде тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер, инфрақұрылым нысандары салынды.

Сапар барысында сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков Президентке Астана қаласын азық-түлік белдеуімен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру, елорданың тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету, Ақмола облысында ауыл шаруашылығын қалыптастыруда мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылық көрмесінде болып, азық-түлік белдеуі аясында іске асырылатын агроөнеркәсіп кешенінің өңірлік инвестициялық жобаларымен, сондай-ақ өңірдегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өнімдерімен танысты.

Елордадан 300 шақырым аумақта орналасқан азық-түлік белдеуі аймағына Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны