14.07.2016, 18:32 4041

Елбасы Ақмола облысыныӊ әкімі Сергей Кулагинді қабылдады

Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өӊірдіӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өӊірдіӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс көлемін ұлғайту және жаӊа жұмыс орындарын ашу мақсатымен "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті жылу беру маусымына уақытылы әрі сапалы дайындалудыӊ маӊыздылығын да атап өтті.

Ақмола облысыныӊ әкімі биылғы бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша нақты сектор салаларында өсім көрсеткіші қамтамасыз етілгенін айтты. Айталық, өнеркәсіп саласында өндірістіӊ нақты көлем индексі 106,5%-ке жетіп, республика бойынша көшбасшы көрсеткішке айналды.

С.Кулагинніӊ айтуынша, Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 62 жоба 6 мыӊнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген. Жыл аяғына дейін тағы 20 жаӊа жобаны іске қосу жоспарланған. Ауыл шаруашылығында мал басы мен құстыӊ өсімі қамтамасыз етіліп, мал шаруашылығы өнімдерініӊ өндірісі ұлғайды. Өӊірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егіс алқабы 4,2 миллион гектар болса, соныӊ 3,8 миллион гектарына астық егілген.

Қазақстан Президентіне Астананыӊ айналасында "азық-түлік белдеуін" дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іске қосу жоспарланып отырған бірқатар жаӊа жобалар туралы да баяндалды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны