07.09.2016, 10:45 4111

Елбасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады

"Министрліктіӊ қызметіне тікелей өзім және Президент Икімшілігініӊ басшысы бақылау жасайды. Басқа тұлғалардыӊ араласуына жол берілмейді, - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиімді ақпараттық саясат жүргізудіӊ, елдегі медиа кеӊістіктіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Жаӊадан құрылған министрліктіӊ маӊызы зор. Бүгінде басты міндеттердіӊ бірі - ақпарат кеӊістігіндегі түрлі сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра білу. Сонымен қатар, халық арасында экономикалық өсімді және тұрғындардыӊ әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бағытында мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы түсіндіру жұмысын тиісті деӊгейде жүргізу қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік БАҚ-тыӊ басшылық құрамын қалыптастыру ісіне мұқият болу қажеттігіне назар аударды.

- Жоғарғы талаптарға сай келетін, шетел тілдерін меӊгерген және ақпарат кеӊістігініӊ басты үрдістеріне сапалы талдау жасай алатын адамдарды таӊдау керек. Жалпы, мемлекеттік ақпарат саясатыныӊ мәселелері меніӊ басты назарымда. Министрліктіӊ қызметіне тікелей өзім және Президент Икімшілігініӊ басшысы бақылау жасайды. Басқа тұлғалардыӊ араласуына жол берілмейді, - деді Мемлекет басшысы.

Ақпарат және коммуникациялар министрі БАҚ жұмысыныӊ тиімділігін арттыру, сондай-ақ "бір терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету ісін ілгерілету жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ, Д.Абаев Қазақстан Президентін телекоммуникация саласыныӊ қызмет ету сапасын арттырудағы министрліктіӊ қызметі, соныӊ ішінде "Сандық Қазақстан" бағдарламасын әзірлеу жұмысы туралы хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны