16.04.2013, 10:17 3248

Елбасы АҚШ президенті Барак Обамаға Бостон қаласында болған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев терроризмнің етек алуы бүгінгі күні әлемнің барлық елі үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанын атап өткен. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын және әлемге жайсыздық әкелетін экстремизм мен лаңкестіктің кез-келген түрін айыптайды.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Бостон қаласында болған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта Мемлекет басшысының лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды қатты күйзеліп қабылдағаны атап өтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев терроризмнің етек алуы бүгінгі күні әлемнің барлық елі үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанын атап өткен. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын және әлемге жайсыздық әкелетін экстремизм мен лаңкестіктің кез-келген түрін айыптайды.

"Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, бүкіл Америка халқына шын ниеттен көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектестігімді білдіремін" делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны