05.10.2006, 16:55 3729

Елбасы Ақтауда бірқатар нысандарда болды

АҚТАУ. 5-қазан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақтауда бірқатар нысандарда болды, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, Елбасы Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағының екінші кезегінің құрылысымен танысты.

"Ақтау қаласының және жалпы Маңғыстау облысының экономикасын көтеруде Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының маңызы зор",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өте қысқа мерзімнің ішінде Ақтау порты өзінің маңыздылығын дәлелдеді, енді оны кеңейту міндеті тұр, деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Президент порттың екінші кезеңін салу барысымен танысты. Бұл жоба осы жылғы сәуірде іске асырыла бастаған. Мерзімі - 3 жыл. Ақтау теңіз портын кеңейту 4 мұнай құятын және 4 құрғақ жүкке арналған орын салуды көздейді. Сонымен бірге ҚР Искери теңіз күшіне арналған орын салу жоспарланған.

Есеп бойынша 2010 жылға дейін Азиядан Еуропа жаққа қарай жүк тасымалы 1 трлн. долларды құрайтын болады, деді Н.Назарбаев. "Біз осы қаражатты игеруіміз қажет. Сол үшін Ақтау порты кеңейтіліп, оның мүмкіндігі 30 млн. тоннаға дейін өсіріледі", - деп атап көрсетті президент.

Сонымен бірге біртіндеп облыстың экономикасын мұнай емес, басқа баламалы өнеркәсіп анықтайтын болады, деді Елбасы.

Сондай-ақ Елбасы кеме жасайтын "Keppel Kazakhstan" ЖШС-інде болды.

Бүгінгі таңда бұл жобаны іске асырудың бірінші кезеңі аяқталған. Кәсіпорынның қуаты шамамен жылына 7 мың тонна металлқұрылғы болады деп жоспарлануда.

"Қазақстанда алғаш рет кеме салатын компания пайда болды, ол үлкен екі баржа салып шықты, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. - Зауыт Каспий теңізінің қайраңынан мұнай өндіретін компанияда жұмыс істейтін болады. Каспий қайраңында көмірсутекті шикізаттың қоры көп болуына байланысты біз бұл кәсіпорынды дамытуымыз қажет. Негізінен Қазақстанға қызмет көрсетілуі керек, бұл жүзеге асырыла бастады".

Қазіргі кезде жинақтау жұмыстары жүргізілетін тігінен тегістеу алаңының және бас кеңсе ғимаратының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ Аққу-1 баржасы жинақталып болған. Трансформаторлық қосалқы станса пайдалануға берілген, электрлендіру жұмыстары тәмамдалған. Жөндеу цехын салу, теңіз жұмыстары аяқталуға жақын. 547 жұмыс орны құрылған. Қыркүйектің 1-інде кәсіпорынның тауар өнімдерін шығару көлемі 2 млрд. теңгеден астам болды.

"Keppel Kazakhstan" ЖШС 2003 жылдан бері "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақта "Кеме құрылысы зауыты" жобасын іске асыруда. Кәсіпорынның міндеті мұнай өндіру секторында, атап айтқанда, Қашаған кен орнында кеме құрылысы қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Инвестиция көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны