21.01.2016, 18:54 4125

Елбасы Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Б.Сапарбаев Мемлекет басшысына өӊірдіӊ 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындылары мен таяу кезеӊдегі даму перспективалары туралы баяндады

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Б.Сапарбаев Мемлекет басшысына өӊірдіӊ 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындылары мен таяу кезеӊдегі даму перспективалары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысыныӊ өндірісі дамыған, өсім қарқыны жоғары, экономикасы әртараптандырылған аймақ екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Облыс аумағы арқылы автомобиль жолдары, соныӊ ішінде "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" халықаралық көлік дәлізі, теміржол желілері, газ құбырлары өтеді. Олардыӊ маӊайында сервистік орындарды дамытып, жұмыс орындарын ашуға болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісініӊ кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты халық арасында кеӊінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Жаһандық дағдарыс әлемніӊ көптеген елдерін қамтыды. Сондықтан бұл орайда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті қаржылық жағынан қолдау, "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Ақтөбе облысыныӊ әкімі Қазақстан Президенті тапсырмасыныӊ және өӊірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардыӊ арқасында азаматтардыӊ жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

Экономикалық дағдарысқа қарамастан, облыс экономикасыныӊ өсіміне қол жеткізілді. Маӊызды бағыттыӊ бірі халықтыӊ жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып саналады. Жұмыссыздық деӊгейі 4,8% болды. Өӊірдегі бірқатар ірі кәсіпорындармен арада жұмысшыларды қысқартуға жол бермеу, еӊбекақыны уақтылы төлеу және ұжымдық шарттарды орындау жөнінде дағдарысқа қарсы меморандумдар жасалды. Сонымен қатар, Сіз берген тапсырмалар аясында "Қазхром", "Русская медная компания" және "Восход-Oriel" сияқты компаниялар өз жұмысшыларыныӊ еӊбекақысын 1 қаӊтардан бастап 10-15 пайызға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыстар өзге кәсіпорындарда да жүргізіліп жатыр, - деді Б.Сапарбаев.

Ол бюджеттіӊ кіріс бөлігін толықтыру үшін қосымша резервтер іздеу мақсатымен мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту, халықаралық қаржы институттары мен инвесторлардыӊ қаражатын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Мәселен, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында 29 жоба қарастырылып жатыр, солардыӊ қатарында жедел медициналық жәрдем қызметі ғимараты, қалалық балалар стоматологиялық емханасы, мұз сарайы, жекпе-жек сарайы, футбол манежі, 7 балабақша, 3 емхана, 1 аурухана және 1 мектеп құрылысы бар.

Сонымен қатар, облыста ішкі өсім резервтерін іздеп табуға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. 2015 жылы бюджет 9,2 миллиард теӊгеге оӊтайландырылса, биыл қосымша тағы 2,3 миллиард теӊгеге оӊтайландыру жоспарланып отыр. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатымен әлеуметтік нысандарды, мемлекеттік мекемелердіӊ автокөліктерін газ отынына көшіру қарастырылған, бұл жыл сайын шамамен 500 миллион теӊге үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардыӊ сатып алу үдерісі аясында жергілікті өнімдер көлемі мен олардыӊ әлеуметтік жауапкершілік деӊгейі арттырылады. Мысалы, Ақтөбе кәсіпорындары 2016 жылы әлеуметтік жобаларға 6,6 миллион доллар бөледі.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Б.Сапарбаевқа жұмыспен қамтуға, өӊір халқыныӊ әл-ауқатын арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, сондай-ақ облысты әлеуметтік-экономикалық дамытуға байланысты қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны