22.12.2014, 11:14 3718

Елбасы: Илемдік дағдарысқа қарамастан қазақстандықтардыӊ жалақылары қысқартылмайды

Мемлекет басшысы республикалық жетекші телеарна өкілдеріне берген сұхбатында әлемдік дағдарысқа қарамастан зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер және бюджет саласы қызметкерлерініӊ жалақылары қысқартылмайтынын айтты.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы республикалық жетекші телеарна өкілдеріне берген сұхбатында әлемдік дағдарысқа қарамастан зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер және бюджет саласы қызметкерлерініӊ жалақылары қысқартылмайтынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Президент әӊгімесінде "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты аясында инфрақұрылымға көптеп мән берілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ индустриаландыру бағдарламасы бойынша орта және шағын бизнесті дамыту ісі де кеӊінен қолға алынбақ, деп хабарлайды www.khabar.kz тілшісі.

Яғни, бұл шаралар алдымен тұтынатын тауарларды өз елімізде шығарып, импортқа тәуелділіктен арылуға септігін тигізеді.

"Ал әлемдік дағдарыс - уақытша құбылыс. Өтеді де кетеді. Оны еӊсеру үшін бізде қажетті қор жеткілікті. Сондықтан байбаламға салып, дүрліге берудіӊ қажеті жоқ", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев: "Ресейге салынған санкциялар елімізге әсер етпейді. Дегенмен, ондағы кейбір тауар бағаларыныӊ төмендеуі отандық бизнеске кедергі келтірмеуін қадағалаймыз", - деп айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны