10.06.2015, 16:14 3712

Елбасы Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ V сьезіне қатысуға келген Біріккен ұлттар ұйымыныӊ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун өтіп жатқан Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезініӊ жұмысын талқылады және ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун өтіп жатқан Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезініӊ жұмысын талқылады және ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті Бас хатшыныӊ съезд жұмысына қатысуы іс-шараныӊ маӊызын айтарлықтай арттыра түсетініне назар аударды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Сіз экономика мен саясатқа, конфессияаралық мәселелерге қатысты алмағайып кезеӊ орын алған қазіргі шақтағы жұмысбастылығыӊызға, БҰҰ-ныӊ 70 жылдығына дайындық жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан біздіӊ елімізге келіп отырсыз. Сонымен қатар, сіз ядролық полигонды жабу жөніндегі бастамамызды қолдадыӊыз. 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан бүгінгідей форумдар өткізу арқылы жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосып келеді деп есептеймін, - деді Мемлекет басшысы.

Пан Ги Мун әлемдік діндер көшбасшылары жиналған осындай маӊызды іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

- Сіздіӊ көрегендігіӊізді және қазір аса маӊызды болып отырған осы Съезді шақыру жөніндегі бастамаӊызды лайықты бағалауға тиіспін. Сіз бұл бастаманы 15 жыл бұрын, жағдай қазіргіден мүлде басқаша болған тұста көтердіӊіз. Бүгінде бүкіл әлем діни экстремизмнен және лаӊкестіктен зардап шегіп жатқанда өшпенділікке қарсы тұруға шақырған діни көшбасшылардыӊ қатары көбейгені және үні баршаға жетерліктей болғаны қажет, - деді БҰҰ Бас хатшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны