10.06.2015, 13:35 3623

Елбасы Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ V съезі аясында өткен Діни лидерлері кеӊесініӊ екінші отырысына қатысты

Қазақстан Президенті өз сөзінде бұған дейінгі IV съезде Діни лидерлер кеӊесін құру ісі Астанада өткен форумға қатысушылар арасында қалыптасқан сенімніӊ заӊды нәтижесі екенін атап көрсетті

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті өз сөзінде бұған дейінгі IV съезде Діни лидерлер кеӊесін құру ісі Астанада өткен форумға қатысушылар арасында қалыптасқан сенімніӊ заӊды нәтижесі екенін атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Діни лидерлер кеӊесі жалпы әлемдік рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, діндер мен мәдениеттердіӊ арасындағы өзара түсіністік пен келісімге қол жеткізу ісінде маӊызды рөл атқаратынына сенімдімін. Илем дамуыныӊ қазіргі барысы жаһандық конфессияаралық диалогтыӊ осындай бірегей тетігіне деген сұраныс өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр, - деді Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев осыныӊ алдындағы съезден соӊғы үш жыл ішінде әлем жұртшылығы адамдар арасына діни әркелкілік арқылы іріткі салудыӊ жаӊа әрекеттеріне тап келіп отырғанына назар аударды.

- Искери және ішкі қақтығыстар көбейді, оған қатысушылар адамдардыӊ діни ұстанымын белсенді пайдалануда. Бізді осындай қақтығыстардыӊ бірі мұсылмандардыӊ еӊ басты киесі, Ислам әлемініӊ бесігі - Мекке мен Мәдинеге жақын маӊда - Иеменде тұтанғаны алаӊдатпай тұра алмайды. Бірқатар экстремистік топтардыӊ іс-қимылдары түрлі конфессияны ұстанушылардыӊ арасында жаулық тудырып, Азия мен Африкадағы көп қоғамды жікке бөлуде. Украинаныӊ шығысында қалалар мен селоларды атқылау кезінде храмдардыӊ бүлінгені туралы хабарлар да алаӊдатады, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жаһандық лаӊкестіктен төнген қатер "ислам мемлекеті" деген акция түріндегі мейлінше қауіпті сатыға көшкенін атап айтты.

- Содырлар жалған діни көзқарас ықпалымен Ирак пен Сирияда мыӊдаған жылдар бойғы өркениеттердіӊ мәдени мұраларын әдейі қиратуда. Олар өзге дін ұстанушыларды, журналистер мен еріктілерді жария түрде өлім жазасына кесудіӊ сұмдық шараларын ұйымдастырып, интернет арқылы таратуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті әлемніӊ барлық діндері ұстамдылық пен төзімділікке, соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға, бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге шақыратынын атап өтті.

- Исламды экстремизм мен лаӊкестіктіӊ кез келген формасын ақтау үшін пайдалануға тырысу - күпірлік. Осынау күрделі кезеӊде барлық діни қайраткерлерді өз жамағаттарын татулық пен келісімге, толеранттылық пен кешірімділікке үндеуін еселей түсуге шақырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев кез келген халық өз бірлігін бағалап, сақтай білгенде ғана өміршеӊ әрі ұлы болатынын атап көрсетті.

- Қазақстан халқы даналығы арқасында біртұтас болып отыр. Біздіӊ халқымыздыӊ даӊқы да, қуаты да достықта, өзара түсіністікте, келісім мен бірлікте, толеранттылықта. Бұл - біздіӊ еліміз қатарына кіруге ұмтылып отырған озық отыз елдіӊ еӊ биік құндылықтары. Осы ізгі мақсат үшін "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бес институционалдық реформаны іске асыруға кірістік. Ұлт жоспары - Қазақстанды жаӊғыртудыӊ 100 қадамы барлық қазақстандықтарға этникалық және діни айырмашылықтарына қарамастан лайықты тұрмыс жағдайын жасауға бағытталған, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміз Діни лидерлер кеӊесініӊ Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезініӊ идеялары мен шешімдерін ілгерілету жұмысына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Қазақстан Президенті дінніӊ рухани бастапқы негіз ретіндегі рөліне баға жетпейтініне назар аударды.

- Бұл кеӊес адамзаттыӊ ХХІ ғасырдағы рухани регенерациясы идеясыныӊ авторы әрі таратушысы бола алар еді деп санаймын. Діни экстремизм мен лаӊкестікке қарсы іс-қимыл шараларына бастамашылық ету кеӊес жұмысыныӊ өзекті бағыты бола алады. Кеӊестіӊ бесінші съез тарапынан мақұлданған және қолдау тапқан ұсыныстары діни сенім мәселесінде адасып жүрген адамдардыӊ теріс әрекеттерінен сақтануға көмектесер еді. Нағыз діндар үшін өшпенділік, төзімсіздік, қатыгездік және жақынына әділетсіз қарым-қатынас мүлде жат қасиет екені туралы сіздердіӊ ортақ пікірлеріӊіз кез келген ұрыс-керіс пен жанжалды тежеудіӊ шешуші факторына айналуы мүмкін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ұсыныстарды жүзеге асыру Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ бесінші съезініӊ жұмысына қатысатын саяси қайраткерлермен диалог барысында басталатынына сенім білдірді.

Соӊында Қазақстан Президенті кездесуге қатысушылардыӊ баршасыныӊ жұмысына табыс тіледі.

Отырыс барысында Қасиетті Тақтыӊ дінаралық диалог жөніндегі Папа кеӊесініӊ президенті Ж.-Л. Торан, Минск және Заславск митрополиті, күллі Беларусь Патриархтық Экзархы Павел, Дүниежүзілік Ислам мәзхабтарын жақындастыру ассамблеясыныӊ бас хатшысы Аятолла М.Араки, Дүниежүзілік Ислам Лигасы бас хатшысыныӊ орынбасары А.бен Абдалла әз-Зейд, Израильдіӊ сефардтық бас раввині И.Йосиф сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ V съезініӊ декларациясын мақұлдады, сондай-ақ Діни көшбасшылар кеӊесініӊ келесі үшінші отырысы және VI съезд 2018 жылы өтеді деп белгіленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны