20.12.2016, 17:31 3854

Елбасы Алматы қаласындағы мұражайда болды

Мұражай экспозициясы 11 залдан тұрады, онда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы Алматыныӊ көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы бейнеленген.

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Алматы қаласындағы мұражайда болды, - деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті жұмыс сапары барысында Алматыныӊ жаӊа мұражайы экспозициясымен танысты. Бұл мұражай өӊірдіӊ бай тарихи-мәдени мұрасын кеӊінен көрсететін ірі ғылыми әрі мәдени орталық болып саналады.

Музей қорында 40 мыӊға жуық экспонат, соныӊ ішінде бейнелеу өнерініӊ туындылары, қазақ этнографиясыныӊ үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениетке жататын тұрмыстық заттар, нумизматика жәдігерліктерініӊ жиынтығы және басқа да мұралар бар.

Мұражай экспозициясы 11 залдан тұрады, онда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы Алматыныӊ көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы бейнеленген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны