12.10.2015, 17:19 3979

Елбасы Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесу барысында Б.Байбек қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жұмыстары жөнінде баяндады

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Б.Байбек қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, негізгі азық-түлік бағасыныӊ өсуіне жол бермеу, тиімді оқу үдерісін ұйымдастыруға жағдай жасау, жылу беру маусымына дайындық жөніндегі шаралар қабылдануда. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Б.Байбек жалпы сомасы 10 миллиард теӊге болатын меморандумға қол қойылғанын, соған сәйкес Алматы кәсіпорындары өз өнімдерін "ЭКСПО-2017" көрмесі нысандарыныӊ құрылысына жеткізіп отыратынын айтты. Мұндай қадам алдағы Универсиада нысандарына да байланысты жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Сонымен қатар Алматы әкімі биылғы шілдеде болған көшкін зардабын жою жұмыстары туралы да айтты. Мәселен, тиісті өтемақылық төлемдер жасалып, аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізілді, Қарғалы өзенініӊ сағасын бекіту жөнінде шаралар қабылданды.

Б.Байбек "Нұр Отан" партиясыныӊ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында таяу уақытта қала мектептері мен ауруханаларыныӊ қаржылық есептерін жариялау тәжірибесін енгізу қарастырылып отырғанын хабарлады.

Алматы әкімі халықпен кері байланыстыӊ жолға қойылғанын айтып, сондай-ақ қаланыӊ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жөнінде, соныӊ ішінде Қаланыӊ 2020 жылға дейін дамыту стратегиясын әзірлеу ісініӊ басталғаны туралы баян етті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны