11.01.2012, 16:41 3783

Елбасы Алматы қаласының Алатау ауданында Индустриялық аймақты құру жобасымен танысты

Индустриялық аймақ - ол Алматының экономикасының перспективалық өсуінің маңызды бөлігі. Аталған жоба заманауи инновациялық негізде өнеркәсіп өндірісін одан әрі дамыту үшін негіз болады, қаланың жалпы өңірлік өнімінің өсімін қаматамасыз етеді.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыға жұмыс сапары аясында қаланың Алатау ауданында Индустриялық аймақты құру жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индустриялық аймақ - ол Алматының экономикасының перспективалық өсуінің маңызды бөлігі. Аталған жоба заманауи инновациялық негізде өнеркәсіп өндірісін одан әрі дамыту үшін негіз болады, қаланың жалпы өңірлік өнімінің өсімін қаматамасыз етеді.

Алматының өзге аудандарындағы өндірістер Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың аумағына топтастыралатын болады. Бұл мегаполистегі көлік және экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға мүмкіндіктер туғызады.

Индустриялық аймаққа барлығы 76 өнеркәсіп және коммуналдық кәсіпорындарды орналастыру жоспарлануда. Олардың қатарында: 20 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны, 18 - жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны, 14 - жиhаз, 7 - фармацевтикалық, 4 - химиялық, сондай-ақ машина жасау саласындағы 13 кәсіпорын бар.

Дамудың алғашқы кезеңінде инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Сапалы электр, су, жылумен қамту, көлік коммуникацияларымен қамтамасыз етілетін болады.

Илеуетті инвесторларға мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде кәсіпорындар құру үшін жер телімдері ұсынылатын болады. Кәсіпкерлердің әкімшілік-рұқсат беру рәсімдерінен өтетін уақыты қысқартылып, қаржылық шығындары азайтылатын болады.

Индустриялық аймақта сондай-ақ білікті жұмысшылар мен орта техникалық қызметкерлерді даярлау жөнінде білім беру мекемелерінің желілері құрылатын болады.

Жобаны іске асыру халық тұтынатын тауарлар өндірісіне қуатты серпіліс береді деп күтілуде. Еңбектің сапасы мен өнімділігі артады, қалада өнімдер шығару түрлері кеңейе түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны