30.01.2013, 14:43 3370

Елбасы Алматы қаласының әуежайы маңында болған ұшақ апатына байланысты Қазақстан халқына мәлімдеме жасады

"Менің тапсырмаммен қайғының себептерін анықтайтын, ұшу қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шараларды белгілейтін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Үкіметке қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің отбасыларына барынша көмектесу жөнінде тапсырма берілді. Мен 31 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадым", - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әуежайы маңында болған ұшақ апатына байланысты Қазақстан халқына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақордада құқық қорғау органдарының басшы құрамымен кеңесті ашқан Қазақстан Президенті ұшақ апатынан қаза болғандардың барлығының отбасына, туған-туыстарына тағы да көңіл айтты.

"Менің тапсырмаммен қайғының себептерін анықтайтын, ұшу қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шараларды белгілейтін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Үкіметке қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің отбасыларына барынша көмектесу жөнінде тапсырма берілді. Мен 31 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадым", - деді Мемлекет басшысы.

Отырысқа қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіз еске алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны