Елбасы Алматы қаласыныӊ жоғары технологиялы кәсіпорындары мен қайта жөнделген көшелерін аралап көрді
Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін инфрақұрылымы қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даӊғылдарын аралап көрді.
Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына шаһар тіршілігін сәулет-құрылыс жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық режімде енгізілген жаӊа дизайын-код әдісі жөнінде мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистіӊ бірыӊғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерініӊ бойымен тартылған BRT көше-жол желісімен танысты.
Мемлекет басшысы Алматы қаласыныӊ индустриялық аймағын аралап көрді.
Қазақстан Президентіне Алматы қаласыныӊ индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудыӊ перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді.
Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын "КМК Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.
Кәсіпорын жұмысшыларымен әӊгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудыӊ маӊыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы "Tokyo Rope Almaty" жауапкершілігі шектелу серіктестігініӊ зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "Falcon Eurobus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.
Мемлекет басшысы зауыт жұмысы жөніндегі баяндаманы тыӊдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісініӊ технологиялық үдерісімен танысты.
Бұл жобаны іске асыруға 15 миллиард теӊге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласыныӊ әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 миллиард теӊгеге сумен қамту және электр желілері тартылған.
Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыӊнан астам адамды жұмыспен қамтиды.
Қазақстан Президенті бұл күні сондай-ақ, "Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.
Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтыӊ жұмысымен танысты. Қаланыӊ 10 жүйесі мен республикалық жүйеніӊ бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағыныныӊ күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардыӊ жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттіӊ орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыныӊ голографикалық макеті үлкейтуге, имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түрінде таныстырылды.
Қазақстан Президенті "Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соӊ Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.