05.05.2015, 19:01 3961

Елбасы Алматы маӊында жаӊа халықаралық әуежай салу мәселесін талқылауды тапсырды

Мемлекет басшысы "Эйр Астана" әуе компаниясы ірі халықаралық оператор ретінде негізделетіндігін, ал екінші әуе компаниясы ішкі бағдарларға қызмет ету үшін құрылатындығын еске салып өтті

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы маӊында жаӊа халықаралық әуежайды құру қажеттігін ойластыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы "Эйр Астана" әуе компаниясы ірі халықаралық оператор ретінде негізделетіндігін, ал екінші әуе компаниясы ішкі бағдарларға қызмет ету үшін құрылатындығын еске салып өтті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Алматы түбінде жаӊа халықаралық әуежайды салу туралы ойластыру керек. Қазіргі осы жобаны жүзеге асыруға ниеттілер бар және оларды тездетіп қолдау керек",-деді Президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны