20.04.2015, 21:03 3658

Елбасы Алматы облысына сапарыныӊ қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясы мен негізгі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы мақсат елімізді әлемніӊ дамыған 30 мемлекетініӊ қатарына қосу екенін атап өтті.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті елдіӊ орнықты дамуы мемлекеттік саясаттыӊ арқасында қамтамасыз етіліп отырғанын атап айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Еӊбек еткісі келетіндер үшін қалада да, ауылда да барлық жағдай жасалған. Республиканыӊ барлық облыс орталықтары түрлене түсті, аудан орталықтары жүйелі дамып келеді. Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаражат бөлуде. Бұл салада өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға, сәйкесінше, ауыл тұрғындарыныӊ әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. - деді Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясы мен негізгі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы мақсат елімізді әлемніӊ дамыған 30 мемлекетініӊ қатарына қосу екенін атап өтті.

Соӊында Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына бақ-береке және табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны