11.05.2018, 23:51 4190

Елбасы Алматы облысында жұмыс сапарымен болды

Облыстыӊ бүкіл экономикасы 3-4 ауданда шоғырланған. Оныӊ өзі тек өнеркәсіпті қамтиды. Осы аудандар өӊір экономикасыныӊ 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Басқа аудандар баяу дамуда, осы мәселеге назар аудару керек, - деді Елбасы.

Талдықорған. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды,- деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Алматы облысыныӊ Үшарал қаласына келгеннен кейін жаӊа әуежайдыӊ жұмысымен танысып, облыстыӊ шағын авиация саласын дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды.

Мемлекет басшысы Алакөл ауданыныӊ Ақши кентіндегі темір жол вокзалыныӊ жаӊа ғимаратын аралап көрген соӊ, еліміздіӊ туризм саласын және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді.

Жиын барысында өӊір басшысы Амандық Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысындағы туризмніӊ даму барысы жөнінде баяндады.

- Соӊғы төрт жылда облыста туристік қызмет көрсету көлемі екі есе артты. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 3,9 миллиард теӊгені құраса, 2017 жылы 8,3 миллиард теӊгеге өсті. 2018 жылы мұны 10 миллиард теӊгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Алакөл ауданында көрсетілген қызмет көлемі 2017 жылы 3,5 миллиард теӊгеге жетіп, 2014 жылғы деӊгеймен салыстырғанда 8 есе артты, - деді Алматы облысыныӊ әкімі.

Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ жергілікті және республикалық маӊызы бар автомобиль жолдарын салуға қатысты бөлігініӊ іске асырылу барысы жөнінде баяндады.

- 2017 жылы республикалық маӊызы бар 4 мыӊ шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соныӊ ішінде 603 шақырым жол пайдалануға берілді. Жалпы, 2022 жылға дейін 24 мыӊ шақырым жолдыӊ бәрі бір қалыпқа келеді деген ойдамыз, - деді Инвестициялар және даму министрі.

Сондай-ақ, кеӊесте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына 2020 жылға дейінгі Алакөл демалыс аймағындағы көліктіӊ қолжетімділік картасын таныстырып, транзиттік тасымалдау ісін дамыту стратегиясыныӊ жүзеге асырылуы барысы жөнінде баяндады.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ішкі және сыртқы туризмді дамыту жолында барлық кедергілерді жою мақсатымен Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардыӊ іске асырылуы, сонымен қатар ЭКСПО-ныӊ тиімді өзгерістерін қолдау үшін министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

- Еліміз туризмніӊ экономикалық нәтижесін ЭКСПО-ны өткізу барысында нақты сезінді. Сол кезде Қазақстанға 7 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Ішкі туризм легі 20 пайызға өсіп, шамамен 6 миллион адамға жетті, - деді ведомство басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев кеӊестіӊ және туристік кластер нысандарын аралаудыӊ қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті ақтарушы органдарға Қазақстанныӊ туризм саласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

- Алакөл Қазақстан бойынша демалушылар еӊ көп баратын жерге айналуы керек. Ол ыӊғайлы жерде орналасқандығымен ерекшеленіп, барлық өӊірдіӊ тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Көлдіӊ кереметтігі суыныӊ емдік қасиетіне байланысты. Оныӊ құрамында радон, сілті және басқа да пайдалы элементтер бар. Осыған байланысты Алакөл еліміздіӊ туризм саласы үшін өте маӊызды, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы "Atameken business city" көрме кешеніне барды.

Қазақстан Президенті көрме кешеніне барып, оныӊ жұмысымен танысты. Көрме кешенінде "оpen space" форматында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, бизнес-форумдар мен кездесулер өткізуге арналған алаӊ, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге идеяларыныӊ пайда болуынан коммерциялануына дейін қолдау көрсететін бизнес-инкубатор жұмыс істейді.

Амандық Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа "Цифрлық Қазақстан", "Рухани жаӊғыру" бағдарламалары мен "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ" Алматы облысында жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Елбасы бизнес қоғамдастығы өкілдерімен кездесу барысында тәуелсіздігіміздіӊ 26 жылы ішінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті тиімді дамыту үшін қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

- "Бес әлеуметтік бастама" да бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Тұрғын үй құрылысы және осы салаға қатысы бар шыны, кірпіш, сондай-ақ басқа да құрылыс материалдарын өндіру ісі бизнес жүргізудіӊ ресурстары саналады. Жол, мектеп, аурухана, инфрақұрылым салу - бәрі де бизнеске тиесілі. Кәсіпкерлер осы мүмкіндіктерді пайдалануы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Алматы облысыныӊ артықшылықтарына тоқталып, туристік кластерді дамыту үшін табиғи-климаттық жағдайы қолайлы әрі географиялық тұрғыдан ұтымды орналасқанын және әлеуетініӊ зор екенін атап өтті.

- Сіздерді Алакөлде жұмыс істеуге шақырамын. Мен кеше сол жерде болдым. Онда жақсы мүмкіндіктер бар. Бұрын ол жерде 400 мыӊ адам демалса, өткен жылы демалушылар саны екі есе өскен. Ал, биыл олардыӊ саны миллионнан асады деп жоспарланып отыр. Жол да, инфрақұрылым да бар. Тек құрылыс жүргізу керек. Алакөлде қазірдіӊ өзінде бес жұлдызды қонақ үйлер мен жақсы туристік кешендер салынып жатыр. Мұнда барлық қазақстандықтар демалуға келетіндей керемет жағдай жасауға болады, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соӊында Қазақстан Президенті Алматы облысында, еӊ алдымен, дәстүрлі түрде өсірілген ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру ісін дамытуды тапсырды.

- Бүгінде жаӊа қант зауыттары іске қосылып, қант өндірісі арта түсті. Қазірдіӊ өзінде 60 мыӊ тонна қант өндірілді, оны көбейту үшін мүмкіндік бар. Қазір Үшарал ауданында соя, арпа өсірілуде. Жарма зауыты және Алматы апортын өндірістік ауқымда өсірумен айналысатын жеміс шаруашылығы бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Салтанат сарайыныӊ жаӊа ғимаратына барып, оныӊ жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Елбасыға әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардыӊ, соныӊ ішінде 570 адамға лайықталған бассейнніӊ, жабық жеӊіл атлетика манежініӊ, дене шынықтыру және сауықтыру кешенініӊ, музыкалық және жалпы білім беру мектептері мен драма театрыныӊ құрылысы жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, өӊірді дамытудыӊ негізгі бағыттары және жұмыс сапарыныӊ қорытындылары бойынша облыс басшылығына берілген тапсырмалар жөнінде айтты.

- Меніӊ тапсырмаларымныӊ бәрі облыста толық орындалуда. Бұл өӊірдегі жұмыстардыӊ бастамасы жақсы деп санаймын. Үш жылда 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек былтырдыӊ өзінде 35 мектеп салынды, - деді Елбасы.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті "Бес әлеуметтік бастаманыӊ" өӊірдегі іске асырылу барысына оӊ баға беріп, облыстыӊ туристік әлеуетін дамыту қажеттігі туралы айтты.

- Жұмыс сапарым барысында Алакөлге барып, оныӊ туристік кластерімен таныстым. Барша қазақстандықтарға бізде тамаша демалыс орны бар екенін айтқым келеді. Бұл жер осыған дейін игерілмеген болатын. Оныӊ инфрақұрылымы да, қонақ үйлері де болмаған еді. Бүгінде бұл өӊірде бизнес өкілдері белсенді түрде жұмыс істеуде. Көлдіӊ жағасында әлемдік стандарттарға сай келетін бес жұлдызды қонақ үй салынды, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудыӊ қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде әӊгімеледі.

- Мемлекет керемет жайлы "Алматы - Талдықорған" жолын салып берді. Бұл Алакөл арқылы Шығыс Қазақстанға апаратын өтпелі жол болады. Жол салудыӊ арқасында көп жұмыс орны ашылады, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Елбасы өӊірдіӊ негізгі экономикалық көрсеткіштері оӊ қарқын алып отырғанын атап өтіп, облыстыӊ даму барысына тоқталды.

- Алматы облысы, әсіресе аграрлық салада, бәріне үлгі болып отыр. Өӊір экономикасы 4,2 пайызға өсті, бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен жоғары. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салалары өркендеп, іске қосылған әлеуметтік нысандар көбейіп келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті облыс басшылығы тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін міндеттерге тоқталды.

- Облыстыӊ бүкіл экономикасы 3-4 ауданда шоғырланған. Оныӊ өзі тек өнеркәсіпті қамтиды. Осы аудандар өӊір экономикасыныӊ 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Басқа аудандар баяу дамуда, осы мәселеге назар аудару керек, - деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев осы өӊірде мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу секторын дамыту қажеттігі жөнінде айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны