30.01.2013, 10:45 3127

Елбасы Алматы облысының Қызылту кенті маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

"Алматы облысының Қызылту кенті маңында адам құрбандығына душар еткен "Scat" әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабарды күйзеле отырып қабылдадым.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Қызылту кенті маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматы облысының Қызылту кенті маңында адам құрбандығына душар еткен "Scat" әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабарды күйзеле отырып қабылдадым.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Мен тиісті мемлекеттік органдарға ұшақтың апатқа ұшырауының себептерін анықтап, қайтыс болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым, деп мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны