12.07.2010, 18:21 3444

Елбасы Алматыда жұмыс сапарымен апта соңына дейін болады

"Президент қазір Алматыда. 16-17 шілде күндері Алматының маңында ЕҚжЫҰ мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесулері өтеді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жұмыс сапарымен апта соңына дейін болады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Президент қазір Алматыда. 16-17 шілде күндері Алматының маңында ЕҚжЫҰ мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесулері өтеді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кездесуде президент сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

"Ал бүгін президент алғашқы президент атындағы саябаққа барып, Алматыдағы ең үлкен су бұрқақты тамашалады",- деп хабардар етті президент баспасөз қызметінен.

Олардың хабарлауынша, елбасы Алматыда 17-шілдеге дейін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны