10.01.2013, 10:28 3412

Елбасы Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-да болды

Жұмыс сапарымен Алматыда жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні жақында ғана ашылған автокөлік иелеріне қызмет көрсететін мамандандырылған орталықта болды.

Алматы. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-да болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұмыс сапарымен Алматыда жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні жақында ғана ашылған автокөлік иелеріне қызмет көрсететін мамандандырылған орталықта болды.

"Енді қала тұрғындарының бәрі көлігін осы жерде, Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдейді", - деді президент.

"Бұл жерде адамдар бір сағатта бар шаруасын тындырады. Икелінген көлігі үшін мемлекеттік салығын төлейді, оны кедендік рәсімдеуден өткізеді (...), барлық емтихандарды тапсырады, нөмір, жүргізуші куәлігін алады. Осының бәрі ашық, электронды режимде жүргізіледі, бейне-бақылау камералары жұмыс істеп тұр", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ол мұндай мамандандырылған ХҚКО-ның алдағы уақытта Астана, Ақтау мен Қарағандыда, содан соң Қазақстанның басқа қалаларында да ашылатынын тілге тиек етті.

Мамандандырылған орталықта тұрғындар 40-60 минут ішінде көлігін тіркеуге қойып немесе тіркеуден шығара алады. Жүргізуші көліктері мен мемлекеттік нөмір белгілерін де сол жерден алуға немесе ауыстыруға болады. Сонымен қатар, жол ережесінен теориялық емтихан қабылдайтын мамандар да сол ғимараттан табылмақ. Онда көлік айдап үйрететін автодром, қызмет ақысы мен айыппұл төлейтін терминалдар да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны