14.02.2011, 16:40 3973

Елбасы Алматыдағы жаңа жедел жәрдем ауруханасы мен "Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы" АҚ жұмысымен танысты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жаңа жедел жәрдем ауруханасының және "Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы" акционерлік қоғамының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жаңа жедел жәрдем ауруханасының және "Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы" акционерлік қоғамының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем ауруханасы 2010 жылғы желтоқсанда салынған. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында қала тұрғындарына кезек күттірмейтін жедел медициналық жәрдемдерді көрсететін көпбағдарлы дербес аурухана болып табылады.

Ауруханада жатып емделетін 350орын бар. Тұрғындарға қызмет көрсетуде жоспарланған қуаты 250 мың адамнан асады.

"Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы" акционерлік қоғамы әртүрлі емдік топтарға жататын дәрі-дәрмектің 70-тен астам түрін шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны