19.10.2015, 19:35 3761

Елбасы "Арай-2" шағын ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысын көрді

Мемлекет басшысына қаладағы тұрғын үй құрылысыныӊ барысы мен жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым таныстырылды

Астана. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысына қаладағы тұрғын үй құрылысыныӊ барысы мен жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа баспанаға қоныстанған тұрғындармен әӊгімелесіп, қоныс тоймен құттықтады. Сондай-ақ жас отбасы иесі Ш.Деместіӊ жаӊа пәтерінде болып, дастарханынан дәм татты. Қоныс той иелерініӊ екеуі де білім саласыныӊ қызметкерлері. Отбасында екі бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы қазіргі кездегі күрделі экономикалық ахуалға қарамастан азаматтардыӊ тұрмыс деӊгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасай беретінін айтты.

"Арай-2" шағын ауданында "Өӊірлерді дамыту - 2020" бағдарламасы аясында жалпы ауданы 33,5 мыӊ шаршы метрлік 10 үй салынуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны