18.10.2012, 13:48 3303

Елбасы "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Л.Миттал Нұрсұлтан Назарбаевты компанияның ағымдағы қызметіндегі басымдықтары мен таяу кезеңге арналған инвестициялық жоспары туралы хабардар етті.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасы және бас директоры Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында елдегі металлургиялық саланың жай-күйі мен келешегі талқыланды.

Л.Миттал Нұрсұлтан Назарбаевты компанияның ағымдағы қызметіндегі басымдықтары мен таяу кезеңге арналған инвестициялық жоспары туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша компанияның құрамына кіретін кәсіпорындарда еңбек шартын жетілдіру және әлеуметтік жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны