02.07.2015, 13:20 3168

Елбасы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еӊбек ұжымына және Қазақстан Магниткасы ардагерлеріне алғашқы шойын қорытпасы алынуыныӊ 55 жылдығына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Құттықтауда Қарметкомбинат пен бүкіл отандық металлургияныӊ даӊқты тарихында бұл оқиғаныӊ маӊызды белес болып саналатыны және ол әлі күнге өнеркәсіптіӊ берік арқауы болып отырғаны атап өтілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бірінші домна пешінде Қазақстаныыӊ алғашқы шойынын құюға қатысқандықтан, сол кезде қанша қажыр-қайрат жұмсалғанын жақсы білемін. Сіздердіӊ еӊбектегі ерліктеріӊіз Қазақстанныӊ жасампаз жылнамасына енді. Бүгінде комбинаттыӊ өндірісті жаӊғыртып және республика экономикасына қосатын үлесін ұлғайта отырып, қарқынды даму дәстүрін жалғастырып келе жатқаны қуантады", - делінген жеделхатта, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Соӊында Мемлекет басшысы кәсіпорын ұжымыныӊ еӊбегіне табыс, ал ардагерлерге мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны