18.06.2015, 14:30 4022

Елбасы "Астана Бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС-да болды

Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласыныӊ 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ елорданыӊ жаӊа көлік жүйесін құру барысы баяндалды

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласыныӊ 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ елорданыӊ жаӊа көлік жүйесін құру барысы баяндалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Орынбор көшесін, жаӊа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы және Нұрлы жол бульварыныӊ екінші кезегініӊ жобасы туралы айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа елордада құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елорданыӊ құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті.

- Қалаға қажеттініӊ бәрі 2008 жылға дейін салынды, одан кейінгі кезеӊде Астананыӊ дамуы жеке инвесторлардыӊ қатысуымен жалғасты. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы еӊ көп инвестиция елордаға тиесілі. Астананыӊ ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде елорда барша қазақстандықтардыӊ мақтанышы саналады, қонақтарын тәнті етеді. Халқыныӊ саны 900 мыӊ адамға жетті, бұрын мұны болжаудыӊ өзі қиын болатын. Қала еліміздіӊ шын мәніндегі әкімшілік, мәдени, іскерлік, білім және медицина орталығына айналды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу және абаттандыру жұмыстары жалғастырылатынын айтты.

- Қандай кемшіліктер бар екенін, соныӊ ішінде көліктер тұрағына қатысты мәселе туралы да білеміз, оныӊ бәрі міндетті түрде шешіледі. Таяудағы мол жауын су сорғы кәріздеріне қатысты түйткілдердіӊ бар екенін көрсетті. Онымен де жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мәселесіне де назар аудару керек. Қаланыӊ әрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оныӊ айналасындағы көшелер құрылысын, Сулы-жасыл желекті бульварды абаттандыру, жаӊа саябақтар, соныӊ ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстардыӊ барлығы еліміздіӊ тура орталығында мүлде жаӊа мегаполистіӊ қалыптасуына негіз қалайды, ол барша қазақстандықтардыӊ игілігіне қызмет ететін болады, - деді Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны