02.10.2015, 17:03 4487

Елбасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясыныӊ басшысы Хуан Чю және "Сембол Констракшн" компаниясы директорлар кеӊесініӊ төрағасы Ф.Таминдже қатысты

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясыныӊ басшысы Хуан Чю және "Сембол Констракшн" компаниясы директорлар кеӊесініӊ төрағасы Ф.Таминдже қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А.Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарыныӊ барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

KCA International компаниясыныӊ басшысы Қазақстан Президентін ЭКСПО-2017 көрмесініӊ басты нысаны - Сфераныӊ ішін жабдықтау тұжырымдамасымен таныстырды.

- Сәулет және дизайн тұрғысынан, сондай-ақ нысанды жасау барысында қолданылатын технологиялары жағынан Сфера айшықты ғимарат болады. Біз оны Париждіӊ Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемге әйгілі брендке айналдыруды жоспарлап отырмыз, - деді Хуан Чю.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменіӊ еӊ негізгі мақсатыныӊ бірі жаӊа энергетикамен таныстыру мүмкіндігі екеніне тоқтала келіп, бұл идея Қазақстанныӊ павильонында кеӊінен көрініс табуы тиістігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны