21.03.2011, 12:35 4042

Елбасы "Астана қаласының Басжоспары ҒЗЖИ" МКК болды

Елбасы сенбі күні "Астана қаласының Басжоспары ҒЗЖИ" МКК болып, Астана қаласының 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қала құрылысының аспектілерімен және астананың тұрғын үйлер салынатын перспективалы аудандарын дамыту жөніндегі ұсыныстармен танысвп қайты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы сенбі күні "Астана қаласының Басжоспары ҒЗЖИ" МКК болып, Астана қаласының 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қала құрылысының аспектілерімен және астананың тұрғын үйлер салынатын перспективалы аудандарын дамыту жөніндегі ұсыныстармен танысвп қайты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысына Қазақстан тарихы мұражайының жұмыс бабындағы жобалау материалдарын, Астана қаласындағы "Қала сағаты" нысаны жобасының эскиз-идеясы бойынша үздік байқау материалымен таныстырған.

Президент сондай-ақ "Мәңгі ел" Еуразиялық қоғамдық-мәдени орталықтың жобасымен танысты. "Мыңжылдық" кешені маңына Қазақстан дамуының тарихи кезеңдерін бейнелейтін қоғамдық, тұрғын үй және мәдени-ойын-сауық нысандарын орналастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Монумент жобасының жұмыс бабындағы материалдарымен, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған инженерлік ғимараттарды қайта қалпына келтіру, белгілі нысандарды орналастыру Тұжырымдамасының материалдарымен танысып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны