01.09.2009, 13:36 1527

Елбасы Астана мектептерінің үздік оқушыларымен кездесті

Елбасы Астана мектептерінің үздік оқушыларымен кездесті

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы 1 қыркүйек - Білім күнінде дәстүрлі түрде Астана қаласының жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінің оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Биылғы жылы Елбасымен кездесуге Конституция күніне арналған "Менің Қазақстаным - менің болашағым" атты тақырыпта ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында өткен сабаққа үздік бітірушілер жиналды.

Н.Назарбаевтың оқушылармен кездесуі ҚР төртінші шақырылған парламентінің үшінші сессиясының алғашқы біріккен отырысынан кейін болғандықтан жоғары сыныптықтардың Елбасымен ашық әрі танымдық сұхбаты осы тақырыпта басталды. Олардың соңғы оқу жылының алғашқы сабағы еліміздің алдағы дамуында маңызды шешімдер қабылданған Тәуелсіз Қазақстанның бірінші резиденциясының ғимаратында өтуі олар үшін өте символикалық тұрғыда әрі ерекше мәнді күн екендігін кездесудің жас қатысушылары атап көрсетті. Олар сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның қабылданған Конституциясының мазмұнын, өмірдің және еліміздің азаматтарының дамуын, мемлекеттің өркендеуінің бар мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін оның баптарының маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев елорда оқушыларының өнердің, әдебиеттің жаңа бағыттарына деген оның көзқарасы, оның балалық шақтағы және мектептегі достарымен қарым-қатынасы, спорт және салауатты өмір салты туралы қойған сұрақтарына жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны