01.09.2009, 14:51 5108

Елбасы Астана мектептерінің үздік оқушыларымен кездесті (толықтырылған)

Елбасы Астана мектептерінің үздік оқушыларымен кездесті (толықтырылған)

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы 1 қыркүйек - Білім күнінде дәстүрлі түрде Астана қаласының жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінің оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Биылғы жылы Елбасымен кездесуге Конституция күніне арналған "Менің Қазақстаным - менің болашағым" атты тақырыпта ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында өткен сабаққа үздік бітірушілер жиналды.

Н.Назарбаевтың оқушылармен кездесуі ҚР төртінші шақырылған парламентінің үшінші сессиясының алғашқы біріккен отырысынан кейін болғандықтан жоғары сыныптықтардың Елбасымен ашық әрі танымдық сұхбаты осы тақырыпта басталды. Олардың соңғы оқу жылының алғашқы сабағы еліміздің алдағы дамуында маңызды шешімдер қабылданған Тәуелсіз Қазақстанның бірінші резиденциясының ғимаратында өтуі олар үшін өте символикалық тұрғыда әрі ерекше мәнді күн екендігін кездесудің жас қатысушылары атап көрсетті. Олар сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның қабылданған Конституциясының мазмұнын, өмірдің және еліміздің азаматтарының дамуын, мемлекеттің өркендеуінің бар мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін оның баптарының маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев елорда оқушыларының өнердің, әдебиеттің жаңа бағыттарына деген оның көзқарасы, оның балалық шақтағы және мектептегі достарымен қарым-қатынасы, спорт және салауатты өмір салты туралы қойған сұрақтарына жауап берді.

Білім күні сабақ кезінде Тұңғыш президенттің баспасөз залында қазіргі Қазақстан туралы деректі фильм үзінділері көрсетілді; Горлова Татьяна Владимировна - № 31 мектеп-гимназия, Ахметдинов Талғат Найманбайұлы - № 35 мектеп-лицей, Хамитова Алтыншаш Сәткенқызы - № 60 мектеп-лицей, Шойбекова Перизат Ізліханқызы - № 51 орта мектеп, Оспанова Исия Иділқызы - "Жас ұлан" мектебі, Жақыпбеков Ержан Қайсарұлы - № 6 гимназия тарих пәні мұғалімдері "Конституция білгірлері" атты жедел-викторина өткізді. Бітірушілер командасы "Мен, Қазақстан азаматы, құқығым бар..." деген сөздермен басталатын Конституцияның негізгі баптарына мемлекеттік және орыс тілдерінде жедел тұсаукесер өткізді.

Қазақстан президенті жыл сайын Білім күнінде өтетін бірыңғай тақырыптық сабақтарға қатысып, одан соң педагогтар және мектеп оқушыларымен кездеседі. 2008 жылы Мемлекет басшысы №60 жаңа мектеп-лицейдің ашылуында болып, "Астана, менің жүрегім" атты елорданың мерейтойына арналған ашық сабаққа қатысты.

2007 жылы Н.Назарбаевтың қатысуымен Елбасының "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты халыққа Жолдауының басым бағыттарына арналған №50 мектеп-лицейде ұйымдастырылған интерактивті сабақ өтті.

ҚР Тұңғыш Президент Мұражайы елорда білім ошақтарының қазіргі Қазақстан тарихын оқып-үйренуде және еліміздің жастарын отан сүйгіштікке тәрбиелеуде қашанда айнымас серіктесі.

Онда жыл сайын: "Туған жерім", "Астана бояулары", "Балалар әлемі" атты жастардың көркем шығармашылық көрме-байқаулары өтеді.

Елорданың 10 жылдығына арналған іс-шаралар аясында мұражайда мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың қатысуымен мұражай сабақтары, белгілі тұлғалармен кездесу, шеберлік сабақтары және мынадай мерекелер мен конкурстар өткізіліп тұрады: "Ел менен ел достасқан ғасыры туды адамның", "Ғажайып қала - Астана", "Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы", "Бір шаңырақ астында", "Н.И. Назарбаевтың саяси реформасы - Тәуелсіздік пен Қазақстанның гүлденуіне жол", "Туған күніңмен, Астана!", "Қазақстан - ғарыш айлағы", "Астана - менің алғашқы махабатым".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны