27.01.2015, 20:25 3822

Елбасы "Астана" велокомандасыныӊ бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады

Кездесу барысында А.Винокуров Мемлекет басшысына былтыр "Тур де Франс" көпкүндік велобәйгесінде жеӊіске жеткен "Астана" велокомандасыныӊ майкасын тарту етті.

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today -Кездесуде велокоманданыӊ қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велосипед спортыныӊ даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты дамыту және кеӊінен таныту үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Астанада мүмкіндіктері жағынан еӊ үздіктердіӊ бірі саналатын "Сарыарқа" республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіби велокоманда құрылды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өскелеӊ ұрпақты велосипед спортына баулудыӊ маӊыздылығын да атап өтті.

А.Винокуров команданыӊ табыстары туралы, сонымен қатар Велосипедшілердіӊ халықаралық одағыныӊ бастамасымен өтетін "Тур Алматы" жарысына деген қызығушылықтыӊ өсіп келе жатқандығы туралы әӊгімеледі.

- Велокомандамыз биыл оныншы маусымын өткізеді. Біз өзіміз қатысып жүрген барлық жарыстарда жеӊуге тырысамыз. Еуропада елеулі жарыстардыӊ барлығында жеӊіп, жақсы беделге ие болдық, - деді велокоманданыӊ бас менеджері.

Кездесу барысында А.Винокуров Мемлекет басшысына былтыр "Тур де Франс" көпкүндік велобәйгесінде жеӊіске жеткен "Астана" велокомандасыныӊ майкасын тарту етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны