03.06.2011, 11:35 3896

Елбасы Астанада салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Жеңіс даңғылының бойында Гете көшесі мен И.Молдағұлова атындағы көшенің аралығындағы учаскеде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жобаны іске асыру әлеуметтік және экономикалық мәселелерді кешенді шешуге және жалпы алғанда, қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етуге бағытталған. Жобаның аясында автомобиль жолдарын тек күрделі жөндеуден өткізіп қана қоймай, оның астындағы коммуникациялардың бәрі - жылу құбырлары, су құбырлары мен кәріз желілері түбегейлі ауыстырылатын болады.

Астана. 3 - маусым. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамыту жөніндегі кеңестің қарсаңында жол құрылысы, сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңарту және рухани-мәдени мақсаттағы қаланың бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Жеңіс даңғылының бойында Гете көшесі мен И.Молдағұлова атындағы көшенің аралығындағы учаскеде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жобаны іске асыру әлеуметтік және экономикалық мәселелерді кешенді шешуге және жалпы алғанда, қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етуге бағытталған. Жобаның аясында автомобиль жолдарын тек күрделі жөндеуден өткізіп қана қоймай, оның астындағы коммуникациялардың бәрі - жылу құбырлары, су құбырлары мен кәріз желілері түбегейлі ауыстырылатын болады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Шеткері аумақты дамыту" (қалаға қосылған кенттерді) қалалық бағдарламасы аясында Тілендиев даңғылының оңтүстік қапталындағы тұрғын үй орамындағы жолдар мен инженерлік желілерді күрделі жөндеуден өткізу және құрылыс барысымен танысты. Астананы қарқынды дамыту таяуда қала аумағына қосылған тұрғын үй орамын көріктендіру мәселесінің басым міндеті қатарына жатады. Астана қаласының маңын дамыту бағдарламасы бойынша 20 тұрғын үй орамының жол инфрақұрылымдарын жақсарту жоспарланып отыр.

2011 жылы Астанада 107,9 шақырым жол төселеді және жөндеуден өткізіледі, оның ішінде 79,4 шақырымдық жол құрылысы, 18,5 шақырымын күрделі жөндеуден өткізіп, 10 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, қалаға жаңадан қосылған тұрғын үй орамдарына қарай 55,7 шақырымдай жолдар тарту жоспарланған.

Келесі кезекте Мемлекет басшысы аралаған нысан жапондық жобаны іске асыру аясында қолға алынған сорғы-сүзгі стансасы болды. Станса жұмысы физика-химиялық процеске негізделген, судың сапалы көрсеткішін жақсартатын ірі тоннажды өндірістік кешен болып табылады. Жобаның аяқталуы ағымдағы жылы қазір жұмыс істеп тұрған тәулігіне 200 мың текше метрден 300 мың текше метрге дейін су тазалайтын стансаның жалпы өнімділігін арттыра түседі. Су тазалайтын жаңа блокта тазалаудың классикалық әдісі қолданылған (химиялық коагуляция, бірінші және екінші хлорлау, жедел құм сүзгіш арқылы сүзу). Тазалаудың осы кезеңдерінде, сондай-ақ 48 көрсеткіш бойынша судың сапасы үшін сыртқы су таратушы желілерге тәулік бойы зертханалық-өндірістік бақылау жүргізіледі.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Президентті "Жерұйық" саябағының бірінші кезектегі құрылысымен таныстырды. Саябақтың жалпы ауданы 21 гектар, оның іргесі 2007 жылы 1 шілдеде қаланған болатын. Бүгінде саябақ аумағында жалпы ауданы 95 мың шаршы метр жер көгалдандырылған, түрлі тұқымды 415 ағаш өсіп тұр, 172 шағын сәулет формалары орнатылған. Саябақтың дәл ортасында 1999 жылы Президент отырғызған емен өсіп тұр. Ол сондай-ақ осы жайқалған саябақ тәрізді әрі үшінші мыңжылдықта Қазақстанның гүлдене түсетініне сенімнің символы тәрізді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Оқушылардың шығармашылық сарайының құрылысы барысымен танысты. Жаңа Оқушылардың шығармашылық сарайының құрылысы 2010 жылдың желтоқсан айында Президенттің тапсырмасы бойынша басталған. Жобаға тапсырыс беруші "ҚазАтомӨнеркәсіп" Ұлттық компаниясы, мердігер - "Базис А" құрылыс компаниясы" ЖШС. Қазіргі уақытта нысан 40 пайызға дайын. Оны ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі кезде 8,3 гектарды алып жатқан осы бірегей ғимараттың қабаттары салынып біткен.

Мемлекет басшысы "Хазрет Сұлтан" елордалық Үлкен мешіттің құрылыс алаңын аралап көрді. Мешіттің құрылысын "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының тапсырысы бойынша 2010 жылы қазан айында түріктің "Сембол" компаниясы бастады. Мешіт биіктігі 91 м. болатын төрт мұнарадан тұрады. Мешітте Құран оқуға және оқу-ағартушылық топтардың дәріс алуына арналған бөлмелер, дәрет алатын және неке қию рәсімін өткізетін бөлмелер болмақ. Бұл орасан зор ғимарат барлық заманауи талаптарға жуап беретін болады. Нысанды ағымдағы жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

"Біз елордамыздағы құрылыстарды аяқтау кезеңінде тұрмыз. Олар негізінен, Тәуелсіздік күні, яғни Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай біз салып жатқан насандар болып табылады. Осылайша біз барлық проблеманы шешеміз. Қаладағы әкімшілік, тұрғын үй ғимараттары мәселесін шештік. Медициналық мекемелер тұрғызылды. Білім беру орталықтары - мектептер, университеттер, лицейлер, колледждер тұрғызылды. Өздеріңіз білетіндей, біздегі спорттық ғимараттардың барлығы бірегей саналады. Енді қалған нысандарды салып бітіруіміз керек. Бұл мәдениет, өнер үшін - заманауи, жаңа опера және балет театры. Ол Хан-Шатырдан кейінгі бірегей нысан болады. Біз бүгін жаңа Оқушылардың шағармашылық сарайын аралап көрдік. Онда әртүрлі үйірмелер жұмыс істейтін болады, балалар техникалық шығармашылықпен айналысады, ұшақ, ракетаның үлгісін жасаумен айналысады, жануарлар әлемі, биология, спорт залдары және жасөспірімдер көрермендер театры ашылатын болады. Ол туристік нысандар ретінде астана үшін қажет. Жалпы, елордамызда ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерді қамтитын еліміздің тарихи мұражайы болуы тиіс. Қаланы көріктендіру. Адам симбиозы, темірбетон ғимараттар, су, орман, гүлдер мен гүлзарлар - мұндай симбиоз қалада болуы керек. Біздің еліміз сонысымен бірегей. Ертең біз қаланың барлық мәселесін тағы да қараймыз, жаңа міндеттерді анықтаймыз. Ең бастысы, барша астаналықтарға айтарым - балаларымыз үшін тұрғызылғанның бәрін сақтау керек, балаларды мәдениетке үйрету керек, өздеріңіз көріп тұрғандай таза көшелерді ластамау керек, ал бұл - қалада жұмыс істейтін адамдардың орасан еңбегі. Осыны сақтау керек, спорттық ғимараттарды күтіп ұстау керек, бүлдірмеу қажет, әрбір ағашты, әрбір жасыл желекті қорғай біліп, осы қаланы сүйіп, өз қалаңның қожайыны болу керек. Өйткені қала біздің балаларымыз бен немерелерімізге жүзжылдар бойы қызмет ететін болады. Олар осының бәрін біз солар үшін тұрғызғанымызды есте сақтайтын болады", - деді президент журналистерге арналған брифинг барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны